Батыс Қазақстан облысының орталығындағы мектептер бойынша 80 түлек “Алтын белгіге”, 63 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер

Орал қаласындағы 2103 түлек үшін қоңырау үні соңғы мәрте соғылды. Мектептерде өткен салтанатты жиындарға қала әкімі, облыс, қала әкімінің орынбасарлары және басқарма, бөлім басшылары арнайы қатысып, оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Орал қаласы бойынша биыл 2103 түлек алтын ұя мектептерімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуда. Олардың ішінде 80 түлек «Алтын белгіге», 63 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Қала әкімі Миржан Сатқанов пен білім бөлімінің басшысы басшысы Ақжарқын Темірханова №33 жалпы орта білім беретін мектепте өткен салтанатты жиынға қатысып, биылғы мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

– Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастырған ұстаздарға, балаларға тіреу болып, қолдау білдірген ата-аналарға алғысымды білдіремін. Мемлекет қолдауының нәтижесінде сіздердің сапалы білім алып, шығармашылық қабілеттеріңізді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.

Шаһарамызда жыл сайын жаңа мектептер мен қосымша білім беру орталықтары ашылуда. Ең бастысы, егемен еліміздің ертеңі — сіздер алаңсыз білім алып, арман-мұраттарыңызға жетіңіздер. Талмай талаптанып, білім шыңының биігінен көрініңіздер, – деді Миржан Мұнайдарұлы. Бұл мектепті биыл 16 оқушы аяқтауда. Төртеуі – «Алтын белгіге» үміткер, 12 оқушы «Елбасы медалінің» иегерлері. Салтанатты рәсімде түлектер мектеп өмірінен әдеби-сазды көрініс ұсынды.

Іздерін басқан мектеп шәкірттерін табанды болуға, еңбекқорлыққа шақырды, терең білім алып, арманға ұмтылуға үндеді. Сондай-ақ салтанатты шарада аталмыш мектепті осыдан 20 жыл бұрын мектеп түлектері келіп, алтын ұя мектептеріне 1 миллион теңге сертификат табыс етті. Күміс қоңырауды – «Алтын белгі» үміткері Айбар Сисенов мен «Елбасы медалі» төсбелгісінің иегері Аружан Ибраева бастап, 11 сынып оқушылары сыңғырлата соқты. Салтанатты жиын мектеп вальсімен жалғасты. Түлектер асыл армандарының алысқа самғауларын тілеп, бейбітшілік символы ақ көгершінді аспанға ұшырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий