Қостанай облысы: Абайтану олимпиадасының үздіктері анықталды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде ІV «Абайтану» олимпиадасын ұйымдастырған болатын, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Қостанай облысынан Арқалық қаласындағы  А.Құнанбаев атындағы гимназияның және Қостанай ауданы Айсары орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болған Тойлыбай Гаухар (Арқалық қаласының білім бөлімі А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы), үшінші орынды иеленген Құрманғазықызы Шапағат (Қостанай ауданының білім бөлімі Айсары жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы). Арқалық қаласының білім бөлімі А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Елдос Әмина алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға сыйлықтар берілді. Жеңімпаздарға сымсыз құлаққап, алғыс хатпен марапатталған оқушыға кітап сыйлады. Сонымен қатар, барлық оқушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат берілді және олимпиадаға оқушыны сапалы дайындағаны үшін ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий