Орал қаласының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

«Балалар жылы» аясында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов облыс орталығындағы мектептерде білім алатын дарынды шәкірттерді қабылдады. Оқушылар мен жетекші ұстаздарын оқу жылы аясында жеткен жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыс етті. Биылғы оқу жылын қалалық білім беру ұйымдары табысты аяқтауда, – деп хабарлайды осы шаһардағы жергілікті білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Оқу жылы аясында ұйымдастырылатын барлық байқаулардың ішінде бәсі биік білім додасы – жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысында қала командасы – жүлделі бірінші орынды иеленсе, республикалық қортынды кезеңге қатысқан 27 оқушының 12-сі жүлдегер атанды. Олардың біреуі – алтын, төртеуі – күміс, жетеуі – қола жүлден иеленді.

Кездесуге олимпиаданың төрт кезеңдік сынынан сүрінбей өткен жүйріктер мен оларды осындай табысқа жетелеген ұстаздары қатысты. Қала әкімі Миржан Сатқанов өз сөзінде дарынды ұл-қыздарды құттықтап, ұстаздары мен ата-аналарына алғысын айтты. – Оқушыларымыздың республикалық деңгейде жетістікке жеткені бәрімізді қуантады. Осы деңгейге жету үшін сіздер тынбай ізденіп, табандылық таныттыңыздар. Бұл жетістік – сіздердің адал еңбегіңіздің нәтижесі. Осы жолда сіздерге бағыт-бағдар берген ұстаздарыңызбен, әр кез қолдау танытып бар жағдайды жасаған ата-аналарыңызға алғыс айтамыз.

Қала мектептеріндегі білім беру үрдісі дұрыс жолға қойылған. Осы бағытта жұмысымызды жалғастырып, балаларымыздың биік белестерден көріне беретініне сенемін, – деді қала әкімі Миржан Сатқанов. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» ұстанымындағы дарындар кездесу барысында шығарамашылық байқаулардағы жетістіктері, зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықтары туралы бөлісті. Болашақта еліміздің бәсекеге қабілетті жастары қатарын толықтырып, адал қызмет ететіндеріне сендірді.

Сонымен қатар «Балалар жылында» дарынды оқушыларға көңіл бөлгені үшін қала әкімі Миржан Мұнайдарұлына алғыстарын жеткізді. Ұстаздар атынан Жеңіс Хамзин, Татьяна Никифорова олимпиаданың әр кезеңі «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, соның нәтижесінде ең дарынды, талапты ұландар озып, қала мерейін, облыс намасын абыроймен алып шыққанын атап өтті.

Білім жолында еңбек етіп жүрген ұстаз үшін шәкірттердің жетістігі мен мемлекеттің тарапынан жасалып жатқан қолдау – жұмысқа деген ынта-жігрерді оята түсетінін айтты. Кездесуде дарынды оқушылар мен жетекші мұғалімдеріне қала әкімінің атынан алғыс хаттар табысталады. Оқушыларға сый ұсынылып, ұстаздарына 50 мың теңге сертификат табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий