Көкшетау қаласындағы мектепте алғаш рет әскери-спорттық класс кадеттері шығарылды

Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясында болып, соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты. Осы мектепте биыл алғаш рет 9-шы әскери-спорттық сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин, “Динамо” ФСО төрағасы Виктор Букреев қатысты. Бейбіт Айтымұлы өзінің құттықтау сөзінде жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге емтихандардың сәтті тапсырылуын тіледі.

Мектеп директоры Динара Кәрімова атап өткендей, 2017 жылы № 11 мектеп-гимназиясында патриоттық тәрбие беру, жеке тұлғаны азаматтық тұрғыдан қалыптастыру, дені сау және шыдамды жастарды даярлау мақсатында алғаш рет әскери-спорттық сынып ашылды. 2018 жылы алғаш рет әскери-медициналық сынып ашылды, онда тек қыздар оқиды.

“Біздің мектепте саптық және спорттық дайындыққа көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың көпшілігі әртүрлі спорт түрлерімен кәсіби түрде айналысатын секцияларға қатысады. Оқушылар арасында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аз емес. Гимназия сыныптарында оқыту жалпы білім беру бағдарламасы бойынша әскери өнер тарихы, Әскери іс, топография, медициналық білім негіздері және тағы да басқа бағыттар бойынша бейіндік пәндерді оқытылады”, – деп қосты Динара Мырзаболатқызы.

Қазіргі уақытта әскери-медициналық, әскери-заң және әскери-спорт сыныптарында 167 оқушы оқиды. Айта кетейік, аталған сыныптар ашылған күннен бастап Ақмола облысының полиция департаментімен, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен, № 5510 ә/б, Көкшетау жоғары медициналық колледжімен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий