Мұнай және газ кен орындарын игерудің экологиялық мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызы

Мұнай және газ кенорындарын игерудің экологиялық мәселелерінде өз аймақтық ерекшеліктері бар — географиялық, геологиялық, геодинамикалық және әлеуметтік. Қазақстандағы ауаның ластануы, келесі себептер бойынша: пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу (қорғасын, мырыш, фосфор, хром өндірісі) өсуі. 20 миллиард тонна қалдық жиналған, олардың үштен бір бөлігі күнделікті ауаны токсиндермен уландырады.

Кәсіпорындар ескі тиімді емес тазарту жүйелерін пайдаланады, нәтижесінде атмосфераға мыңдаған зиянды заттар шығарылады; Мұнай мен газ өндіру кезінде ілеспе газды жағу. Бұл атмосфераға күлдің шығарылуымен бірге іске асады; Атмосфераға көміртек пен қорғасын тотығын шығаратын автокөліктер санының көбеюі. Оларды пайдалану кезінде сапасы төмен жанармайлар құйылып, көбінесе пайдаланылған газдарды тазартуға арналған сүзгілер қолданылмайды.

Осы факторлардың әсерінен республикамыздың 15 ірі қаласында ауаның ластануының шекті деңгейінен асып түсті. Ең лас атмосфера Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында тіркелді. Жер асты суларындағы ластағыш затардың мөлшері мен ушылдығы соған байланысты. Бұрғылау жұмыстары кезінде негізгі және ең күшті ластағыш зат бұрғылау ерітіндісі болып табылады. Оны дайындау үшін жиырма шақты химиялық реагенттер қолданылады, олардың көбісінде Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген шекті шоғырлану мөлшері жоқ.

Магистральды мұнай құбырларында  топырақтың, жер беті суының және атмосфералық ауаның жоспарлы мониторингі жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және мұнай қойыртпағын  әкету мен көму тәртібі үнемі бақылауда тұрады, мазутпен былғанған қойыртпақты қалпына келтіру жүргізіледі. Компания филиалдарында экологиялық аудит жүргізілді, экологиялық ортаға ықпалы көзқарасы тұрғысынан магистральды мұнай құбырларына толық баға берілді. Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша өндірістік объектілердің қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.

Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту үшін газ бен мұнай кен орындарын, табиғи көмірсутекті бұрғылау, өңдеу, дайындау, тасымалдау және сақтау жөніндегі өндірістік оъектілерді өңдеуде табиғатты қорғау шараларын тиімді жүзеге асыру қажет. Экологиялық бағдарламалар апатты болдырмау, мұнай мен газ қорларын тиімді пайдалану, флора мен фаунаны сақтау мен қоршаған табиғи ортаны ластауға қарсы күреске бағытталуы қажет.

Жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытынды жасауға болады: мұнай қорын пайдаланудың қазіргі жағдайы төмен. Мұнайдың геологиялық қорының көп пайызы жер қойнауында қалып қояды. Қазақстандық мұнай құрамындағы пайдалы компоненттердің көбі өндірістің қалдығы болып есептеледі, және қоршаған ортаны ластаудың бірден бір көзі болып отыр. Әлемнің мұнай өндіруші елдерінің мұнайды игеру мен пайдалану тәжірибесі мұнай-газ қоларын өндіру, экспорқа шығару игерудің бастапқы кезеңі екенін көрсетеді.

Мұнайды толық қайта өндіріп, экспортқа шикі мұнайды жібермей, дайын өнімдерді жіберу ең тиімді болып есептеледі. Мұнайды қайта өндіруді көбейту, мұнай өнімдерінің сапсын арттыру республика қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, келешекте қолданыстағы, қайта жөнделген жабдықтарда өндірілген жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік бар.

Өндірістің кез келген саласы сияқты, мұнай-газ өндірісі де қоршаған ортаға келеңсіз ықпалын тигізеді. Сондықтан апаттың бетін алу, мұнай мен газ қорларын тиімді пайдалану, флора мен фаунаны сақтау, қошаған табиғи ортаны  ластауға қарсы күрес шараларына арналған экологиялық бағдарлама жасау қажет.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий