Ақтөбе облысы: Озық ойлы оқушы

Ақтөбе қаласында орналасқан білім инновация лицейінің озат оқушылары білім бәйгесінде мықтылықтарын тағы бір мәрте мойындатты. Осы мектептің 11 – сынып оқушысы Айдос Сәрсенбай химия пәні бойынша ұйымдастырылған 56-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қола медальға ие болды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы білім додасына қатысушы үміткерлер көршілес Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында бас қосқан еді. Олимпиадаға 16 елден қатысқан жүзден астам оқушы үш кезең бойынша білімдерін ортаға салды. Бұл екі жыл карантиннен кейін офлайн түрде ұйымдастырылған алғашқы жүздесу болатын.  

– Олимпиадаға әлемнің әр қиырынан білікті химиктер жиналды. Оларды бұрын интернет арқылы танып, фото суреттерін көретінмін. Сондықтан дарабоз үздіктермен кездесіп, ортақ тақырыптар бойынша әңгімелесу мен үшін үлкен мәртебе болды. Менделеев олимпиадасының ерекшелігі – екі теориялық, бір практикалық турдан бақ сынайтын қатаң талабы бар.

Үш күн бойы ұстаздарымнан алған білімім мен қосымша дайындығымның озықтығын танытуға барынша күш салдым. Қорытынды нәтижесі баршаға белгілі, – дейді ел қоржынын толықтырған биылғы бітіруші жас түлек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий