Қошке Кемеңгерұлы: Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін

ҚР Азаматтық кодексі 42-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14  наурыздағы №123 қаулысын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-876 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп КМ-не Алаш қайраткері, жазушы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөзші Қошке Кемеңгерұлының есімі берілген болатын, – деп хабарлайды елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған орай «Қошке Кемеңгерұлы атындағы № 49 орта мектеп» КММ-де «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференция мақсаты: алаш қайраткері, қаламгер Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығын тану, еңбектеріндегі елдік мұрат идеясын насихаттау, алаш мұрасын, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезім рухын сіңіру.

Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса,  Аманжол Әлтай, Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығының директоры Ербол Тілешов, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп шақырылған еді.

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Мадиян Кабдуова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, құттықтау сөздерін айтты.

Конференцияда баяндама жасағандар: Дихан Қамзабекұлы – ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, Серік Негимов – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Гүлжаһан Орда – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институның бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., Орынай Жұбаева – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.

Қайрат Сақ – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., Сағымбай Жұмағұл – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Диляра Гокче – филология магистрі, Еге университеті Түрік әлемін зерттеу институтының қызметкері, Бекарыс Нұриман – PhD, Анкара Хажы Байрам Вели университеті Әдебиет факультеті фольклор кафедрасының оқытушысы, Гүлназ Төкенқызы – «Тұран-Астана» университетінің профессоры, ф.ғ.к.

Алмас Иманғали – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының докторанты, Қайырбек Кемеңгер – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Жиынға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, журналистер және ата-аналар қауымдастығы қатысты.

Білім ордасының басшысы Мухаметжанова Арай Аукеновна қонақтарды қарсы алып,  мектептің жетістіктері мен инновациялық және шығармашылық жұмыстардың көрмесін және Қошкетану орталығында қаламгер мүсінінінің салтанатты түрде ашылуын  тамашалауға шақырды. Мүсіннің ашылу  құрметі прокуратура ардагерлер кеңесінің төрағасы  Әділхан Әсет Малғаждарұлына, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы  Қасымхан Сенғазыұлына және Қошке Кемеңгерұлы немересі ардагер ұстаз Ризабек Нарманбетұлына берілді.

«Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты конференцияны Білім басшысы Қасымхан Сенғазыұлы жүргізді. Мектептің талантты оқушылары Қошке туындылары мен өз шығармашылықтарын мәнеріне келтіріп оқып, өнерлерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Егінбайқызының жетекшілігімен мектептің жас мамандарынан құрылған «Жас қанат»  театрының әртістері Қошкенің 1926 жылы Қызылорда қаласында Мемлекеттік ұлт театрының ресми ашылуында ойналған «Алтын сақина» пьесасын сахналады. Салтанатты шара Қошке ұрпақтары және мектептің домбырашылар ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күймен жалғасты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий