Нәтижеге бағытталған біліктілікті арттыру курстары

Біліктілікті арттыру – қызметкерлерді оқытудың кәсіби түрі, олардың теориялық білім деңгейін арттыру, тәжірибелік дағдылары мен мамандықтарын жетілдіру. Біліктілікті арттыру білім сапасын көтереді. Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде ұйымдастыруды қажет ететіні баршаға белгілі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еліміздің жүйесі алдында, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінің сапасын жетілдіру, педагог құрамының сапасын арттыру арқылы-сапалы білім беруде әлемдік стандаттар деңгейіне қол жеткізу керектігі атап көрсетілді. Елімізде білім беру саласы бойынша жаңа жүйеге көшіп, жүйелі еңбектің жемісін беріп жатқанын көрудеміз.

Осыған орай, жылдан-жылға жаңарып отырған жүйеде, жаңалықтан құр қалмас үшін педагогтар үнемі біліктілігін арттыруда. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында колледж педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.

Басты мақсаты: ТжКБ ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін педагогтердің тәжірибелік білімін, іскерлігін және дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Негізгі міндеттері: академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу білігін дамыту; білім алушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың бағалау рәсімдері шеңберінде ТжКББ жүйесінде оқыту нәтижелерін критериалды бағалауды пайдалануға үйрету және тағы да басқа.

Курс менің кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогінің  еңбек функцияларын жетілдірудің мақсатын, мазмұнын түсініп, көкейімде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын табуыма өз септігін тигізді. Бұрын осы курста қаралған 5 модуль  мазмұны бойынша жалпы мағлұматым болған, бірақ іс жүзінде, тәжірибеде білмейтін, қиналатын да мәселелеріміз кездесіп, сан алуан сұрақтар туындап отыратын.

Әсіресе жұмыс  жоспарын құрастыру барысында кездесетін оқу және сабақ мақсаттары, одан шығатын дескрипторлар, әр педагог білуге тиісті мемлекеттік нормативтік құжаттар,  рефлексияның қолдануы туралы көп мәлімет, ресурстар берілді.  Осы курс бағдарламасы аясындағы жаңалықтармен тренеріміз Гульфайрус Боранбаевамен дәрісі мен әдістемелік семинар барысында таныстым.

Ол жауапты, өз жұмысына адал, білімді де білікті тренер. Ол курстың барлық тыңдаушылары тарапынан жоғары шеберлігі мен кәсібилігі үшін бедел мен құрметке ие болды. Курс барысында әр мұғалім тренердің сындарлы әрі жоспарлы сабақтарына қатысуға асықтық. Өйткені, білікті тренер сабақты жаңа мазмұнда оқытудың тиімділігін өте жүйелі жеткізе алды.

Әрі белсенді әдіс-тәсілді таңдай білуді, тиімді тыңдалым қадамдарын, дескрипторларды құрастыра білуді, саралауды дұрыс жүргізе білу, мақсатқа сай тапсырма таңдауды үйрендік. Курсқа дейінгі және курстан кейінгі біліктілігімде өзгеріс бар екенін байқадым: әсіресе сабақты жаңаша жоспарлауым, оқушыларға ұсынылған тапсырмалардың жаңаша әзірленуі, олардың құрылымдалған тапсырмалармен жұмыс жасауға қызығуының өзі менің оқытуымның жақсаратынын  байқатады.

Алған тәжірибемнің нәтижесінде мен күнделікті сабағымды тиімді кері байланыс бере отырып, түрлі белсенді әдістерді қолданып, тапсырмаларды түрлендіремін деген ойдамын. Тренерімiз Гульфайрус Нурсапаевнаға топ атынан алғыс айтамыз. Тренеріміз өте шебер, жаңашыл, смарт ұстаз. Жұмысыңыз жемісті болсын дегім келеді. Бізге үйреткен әдіс-тәсілдеріңiздi өз тәжірибемде тиімді қолданамын. Сол үшін Сізге үлкен рахмет. Және бізге осындай мүмкіндік берген ТАЛАП ұжымына алғыс айтамыз.

Даулет КУТТЫБЕКОВ,
Сарқан политехникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий