“Абайтану” республикалық олимпиадасы: Ақмолалық шәкірттер жақсы нәтиже көрсетті
Алматы қаласында ұйымдастырылған 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» IV республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне, ақмолалық жеті оқушы қатысты, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өткізу орны «Қазақстан» санаторийі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаты. Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша: Аудақызы Ырыскул – Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының №1 ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы – күміс медалімен марапатталды.
Жылқыбай Айсара – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 10 сынып – күміс медалімен марапатталды; Дулатова Алуа – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медалімен марапатталды.
Каримжанова Айнур – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы – грамотамен марапатталды; Омирбек Мадина – Ақкөл ауданы бойынша Новорыбин ауылының мектеп-балабақшасы 9 сынып оқушысы, Ибрагимов Бауыржан – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ЖОББ мектебінің 10 сынып оқушысы.
Ганибаева Улболсын – Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушылары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының Алғыс хатымен мараптталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша: олимпиаданың негізгі мақсаты – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Құттықтаймыз!
Загрузка...