Кәсіптік және техникалық білім беру қызметкерлерінің сайысы

Қарағанды облысы білім  және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының бірлесуімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, қызметкерлері арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды.

Жарысқа  14 команда қатысты. Спартакиада спорттың төрт түрінен үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол бойынша өткізілді. Үстел теннисі жарысы бойынша бірінші орынды Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі командасы; екінші орынды Абай көпсалалы колледжі командасы; үшінші орынды Қарағанды экономика және бизнес колледжі командасы иеленді.

Тоғызқұмалақ  бойынша: 1 орын – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі командасы; 2 орын – А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі командасы; 3 орын – Қарағанды машина жасау колледжі командасы. Шағын футбол бойынша: бірінші орын – Қарағанды техникалық- құрылыс колледжі командасы; екінші орын – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі командасы; үшінші орын – Қарағанды теміржол колледжі командасы.

Волейболдан ерлер арасында: 1 орын – А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі командасы; 2 орын – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі командасы; 3 орын – Қарағанды көлік-технологиялық колледжі командасы. Әйелдер арасында: бірінші орын – А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледж командасы; екінші орын – Қарғанды жоғары политехникалық колледж командасы; екінші орын – Қарағанды теміржол колледж командасы.

Қатысушыларды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Рақышева, Сарыарқа дарыны басшысы Айдос Қуанышбаев, кәсіптік техникалық білім беру ардагері Валерий Галунов құттықтады. Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды. Жүлделі орынға ие болған командалар Түркістанда ұйымдастырылатын республикалық спартакиадада бақ сынасады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қарағанды облысы білім  және
ғылым қызметкерлерінің кәсіптік
одағының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий