Қызыққа толы онкүндік

Жетісу  орта  мектебінде  жаратылыстану  пәндер  әдістемелік бірлестіктің онкүндігі   өткізілді. ӘБ  мүшелері  өздерінің  әдістемелік  тақырып  аясында, түрлі  ашық  сабақтар  жоспарлады.  ӘБ  жетекшісі  салтанатты  жиында  сөз  сөйлеп,  мектеп  оқушыларын  онкүндікте  өткізілетін  іс-шаралар  ретімен  таныстырды. Пән  мұғалімдері  сабақты  бірнеше  формада  өткізе  отырып,  түрлі  әдістерді  сабақтарында  қолдана  білді. 

Жас  мамандардың  сабақтарының  құрылымы  да  тәлімгерімен  ақылдаса  отырып,  жоспарланды.  А.Ахмет көркем  еңбек  пәнінен 7-сыныпта «Алғашқы  механикалық  өңдеу  барысындағы жұмысты  ұйымдастыру.» тақырыбында  жаңа  сабақ өткізді.  Мұғалім  оқушыларға  станокта  қалай  жұмыс  жасау  видеосын көрсетіп,  қауіпсіздік  ережелеріне  тоқталды.  Оқулықтағы  жаңа  ақпаратпен  таныстырып,  үлгі  бойынша  ағаштан  тақтайша  жасауды  көрсетті. 

Жұмыс  барысында  оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  арта  түсті.  Кері  байланыс  жасап,  формативті   бағалау  жүргізді. Жас маман  Р.Жабайханов 5-сынып  оқушыларымен  «Өсімдік  тіршілігіндегі  фотосинтездің  рөлі» тақырыбындағы  жаңа  тақырып  видео  арқылы  анықталды.  Фотосинтезге  толықтай  түсінік  бере  отырып,  оқушыларға  қосалқы  тапсырмалар  берілді.  Әр  тапсырманың  орындалуы  мұғалім  тарапынан  қадағаланып,  толықтырулар  енгізілді.

Оқушылар  өз  ойларымен  бөлісіп, тақырып  соңында  берілген  сұрақтарға  тартысты  жауап  берді.  Мұғалім  рефлексиялық  кезеңде  оқушылар  сұрақтарына  жауап  беріп, білімдерін  бағалады. Физика  пәні  мұғалімі Д.Жакенова 8-сыныпта «Өткізгіштерді  тізбектей  және  параллель  жалғау»  жаңа  тақырыбын  оқушыларға  тәжірибе  жасата  отырып  ашты.  Интербелсенді  тақтада  өткізгіштерді  тізбектей  және  параллель  жалғауды  арнайы  электронды  приборлар  арқылы  жасатты.

Жеке  жұмыс  жүргізіп,  топтық  жұмысқа  ұластырып, тапсырманы «Quizilet» бағдарламасына салып, тексерілді.  Оқушылар  оқулықтан  жаттығуды  жасап, бір-бірінің  жұмыстарын  тексере  алды. Сабақ  соңында  оқушыларға  кері  байланыс  жасалып,  бағалары  қойылды. Жас  маман  химия  пәні  мұғалімі  М.Жұмаділ  9-сынып оқушыларымен «Күкірттің қосылыстары» тақырыбындағы жаңа  сабағы миға  шабуыл сұрақтарымен  басталды.

Сәйкесінше  мұғалім  сабақтың  тақырыбын  жариялап,  оқу  мақсаттарын атап өтті. Мәтінмен  жұмыс  жасатып, негізгі  идеясын  анықтатты. Оқушылар  өзара талқылау  жүргізіп, бңрнеше  сұрақтармен  алмасты. Бейнеролик  сабаққа  сәйкес  көрсетіліп,  тапсырмалар орындатылды. Тапсырма орындау барысында  күкірттің  түрлеріне  тоқталып, ол  қандай  зат  екені  айтылды. Сонымен  қатар  күкірттің  қасиеттеріне  талдау  жасалып, «Екі  жұлдыз, бір  тілек  арқылы»  топтар  бір-бірін бағалады.

«Формулалар  сөйлейді» айдарымен жұптық  жұмыс  жүргізілді. Дескрипторлар  тапсырмаға  сәйкес  құрылып,  «Шапалақтау» арқылы бағаланды. Интербелсенді  тақтада  сәйкестендіру  тапсырмасы  беріліп,  артынан  дұрыс  жауаптары тексерілді. Сабақ  қорытындысы «Нысана» арқылы түстеріне  қарай  кері  байланыс  жасалды. Дене  шынықтыру пәні  мұғалімі Е.Мухамадьяров 5-сыныпта «Қозғалыс  техникасының  элементтерін  үйрету.  Дене  қасиеттерінің  компоненттері» тақырыбында  ашық  сабағын  өткізді.

Оқушыларды  әдеттегідей  сапқа  тұрғызып, рапорт  алып,  оқушыларды  түгендеп,  дене  қыздыру  жаттыруларын  орындатты. Оқушыларға  өзі  көрсете  отырып, жаңа  тақырыпты  түсіндірді.  Қозғалыс  техникасының  элементтерімен  таныстырып,  білім білік  дағдыларын  жаттығулар  арқылы  қалыптастырды. Сонымен  қатар  дене  қасиеттерінің  компоненттерін  атап, оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  ойын  элементтері  арқылы  жүзеге  асырды. 1-сынып оқушыларымен «Кеңістік  қозғалыс  динамикасы» тақырыбында  Н.Абишев  дене  шынықтыру  сабағын  өткізді.

Оқу  мақсаттарына  сәйкес  сабақтың  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  түрлі  әдістерді  сабақта  қолданды. Пәнаралық  байланыс  сабақта  жүзеге  асып,  оқушылар  дене  қыздыру  жаттығуларын  әуен  арқылы  орындады.  Гимнастикалық  көрпешелерде  саппен  жүгіре  отырып,  түрлі формада  жаттығулар  жасады.  Оқушылар  қауіпсіздік  ережелерін  қатаң  сақтай  отырып, сабақ  барысында  келеңсіз жағдайлар орын  алмады. «Қасқыр  мен  қоян» және «Бүркіт пен торғай» атты  ойындары  өте  тартысты  өтті. Сұрақ-жауап  арқылы кері  байланыс  жасалды.

Математика  пәні  мұғалі Г.Мухамадьярова  «Математикадан  ашық сабақтың  ашық  есігі» айдарымен  күнделікті  бір-бір  ашық  сабақ  жүргізіп,  9-сыныпта «Негізгі  тригонометриялық  тепе-теңдіктер» жаңа  сабақ, 11-сыныпта «Конустың  жазықтықпен қимасы» пысықтау  сабағы, 7-сыныпта «Екі  өрнектің  кубтарының  қосындысы  мен  айырмасы.» қорытынды  сабақ,  10-сыныпта «Векторлар  арасындағы  бұрыш. Векторлардың скаляр  көбейтіндісі» жаңа  білімді  пысықтау  сабағы, 8-сыныпта «Параллелограмның ауданына  есептер  шығару» практикалық  сабағын  өткізіп,  «Ойлан, жұптас, бөліс» , «Кубизм», «Қарлы  кесек» әдістерін  өте  тиімді  пайдалана  білді.

Онкүндіктің  келесі  аптасы сыныптан  тыс  ісөшаралармен  жалғасын тапты. «PISA тапсырмалары» тақырыбында  географияның қызықты 30 тапсырмасы құралып,  жеңімпаздары жүлделі орындарды иеленіп, сертификатталды. «Шебер  қолдар» байқауына 5-10 сынып  оқушылары  қатысып, 1-орынды 5-сынып, 2-орынды 10-сынып, 3-орынды 9-сынып оқушылары  иеленді. 5-7-8 сынып оқушылар  арасында  мини  футболдан  жарыс  өткізіліп,  чемпион 6-сынып  оқушылары  атанды.

Математика  пәні  бойынша 7-8-9 сыныптар  арасында  «Жұлдызды  сәт» интеллектуалды  жарыс өткізіліп, «Жас  математиктер» атағына 8-сынып оқушылары  иеленді.  «Жас  сарбаз» атты  патриоттық  ойын 9-11 сынып  оқушылар  арасында  өткізіліп,  екі топқа  бөлініп, тартысты  жарыс  болды.  «Ғажайып  биология  әлеміне» саяхат  жасалып, 7-8-9-10 сынып оқушыларынан  үш  топқа  бөлініп,  жарысты. Әр  жарыстың  әділ-қазылар  алқасы  төрелік  жасап,  жеңімпаздарды  мектеп  директорының  мақтау  қағаздарымен  марапаттады.

Сонымен  қатар әр  сынып  аталған онкүндікке  жаратылыстану  пәндері  бойынша  қабырға  газеттерін  жасап, «Білімді  тапқырлар» байқауына  да,  спорттық  жарыстарға  да  белсене  қатысып,  марапатқа  ие  болды. Қолдау  көрсеткен  сынып  жетекшілеріне  алғыс  жарияланды.

Гульнар  МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу орта  мектебіндегі әдістемелік
бірлестіктің жетекшісі, педагог-зерттеуші,
Алматы  облысының Сарқан  ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий