Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайындағы дәстүрлі шара

Оқушылардың мәдениет деңгейін жоғарылату, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық белсенділіктерін ынталандырып, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін арттыру мақсатында «Мұражай түні» шарасы дәстүрлі іс-шараларымыздың бірі болып қалыптасқан еді. Осы оқу жылында 21 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайында ұйымдастырылған «Мұражай түні» бағдарламасын оқушыларымыз тамашалап қайтты.

Осы жылғы бағдарлама «Түсімізде және өңімізде ұшатын» тақырыбында өтті. Бұл түнде жаңа бағдарлама, янғи «Түсіміз бен өңімізде ұшулар» балалар шығармашылығы, «Сhiaroscuri» инсталляциялары, «Жаңа қаланың ескі келбеті» фотосуреттері, «3D Винчи» интерактивті көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, мұражайлық «Квиз», «Мысық та Винчи» электронды ойыны, «Аттың жүрісі» шахмат турнирі, физикалық құбылыстар паркі және де көрермендер үшін фотоаймақтар, шеберлік сабақтары, шеберлер қаласы, косплей конкурсы және мұражай алаңында үлкен концерт ұйымдастырылды.

Оқушыларымыз бағдарламадан тыс қалмай «Аттың жүрісі» шахмат турниріне қатысып, Алижан Қалдыбай 1 орын және Фархат Ерболов 2 орынды иеленді. Жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзінің бірі ретінде өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымызды айтуға болады. Ал осы тәрбие құралы ретінде мұражай жұмыстарын қолдануға болады. Мұражайға саяхат оқушыларымыздың тарихқа деген қызығушылық туғызып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдыртады.

«Мұражай түні» бағдарламасының қызықты болғаны соншалық оқушыларымыз уақыттың зымырап өткенін байқамай қалғандарын айтып өтті. Бағдарлама соңында оқушыларымызбен мұражай ауласында естелікке суретке түстік. Жалпы, мұражай оқушылардың рухани әлемін қалыптастырудың құралы болып табылады. Халқымыздың, өлкеміздің өткен тарихына деген қызығушылықтарын артуына ықпал ететін мұндай игі істердің дәстүрлі іс-шара ретінде алдыңғы уақытта да жалғасын табады.

Гүлнар БЕКТУРОВА, Ерзат КАРИБАЕВ,
Семей қаласындағы ФМБ НЗМ жатақханасының
тәрбиешілері, Шығыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий