Өз ісінің кәсіби маманы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» – деп кезекті Жолдауында айтқан болатын. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша прогрессивтік реформалар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістердің платформасы болып табылады.

Әр мамандықтың өмірде қызығы мен ауырлығы болады. Сондықтан өз ісінің маманы атану көп еңбектеніп, ізденуді қажет етеді және сүйікті мамандығына деген зор ынта мен сүйіспеншілігің болу керек екені белгілі. Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша жаста болса аянбай еңбек етіп жүрген білікті маман Қойбақова Сымбатты айтуға болады. Сымбат Еламанқызы, 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін үздік бітірді. Еңбек жолын 2007 жылдың наурыз айында Ақтау мемлекеттік университетінің “Қолданбалы экология” кафедрасының ассистенті қызметінен бастаған болатын.
2012-2014 ж.ж. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша «Научное обоснование комплексного исследования компонентов окружающей среды прибрежной зоны Каспий и техногенных объектов» және «Активизация самоочищающей способности морской воды Каспия от нефтепродуктов» атты ғылыми жобаларында жауапты орындаушысы болды. 2013 жылы ғылыми-педагогикалық бағыттағы 6М060800-“Экология” мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Оқытушылық қызмет барысында ол факультет өміріне, атап айтқанда, университет деңгейіндегі кураторлық сабақтарды, ұлттық мерекелерді ұйымдастыруға, ғылыми семинарларға қатысуға белсенді араласты. Сабақтарды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты және көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Кафедра бойынша ол кәсіби практикаларды ұйымдастыру және өткізу сапасына, практикадан өту бойынша кәсіпорындармен келісім шарттар жасауға жауап беретінін атап өту маңызды.
2013 жылы «Парафин түсуiнiң тәуелдiлiгiн зерттеумен қатар қатты агрегаттық күйлерде мұнайды тазарту» атты тақырыпта магистерлік диссертация қорғап т.ғ.д. профессор Кенжетаев Гусман Жәрдемұлының жетекшілігімен «Экологически чистый энергосберегающий способ ликвидации отстойников нефти» атты ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми қызметкер ретінде жұмыстар жасады. 2015 – 2016 ж. кезеңдерде кафедра мамандығы үшін өзін – өзі бағалау бойынша анықтама жасау үшін материалдар жинады – “Білім беру бағдарламасын басқару”9 Стандарт бөлімі.
Атап айтқанда, нарықтағы өзгерістерді, жұмыс берушілердің, білім алушылар мен оқытушылардың тілектерін ескере отырып, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау туралы, білім алушылардың бағдарламаны меңгеру процесінде білім алушылардың тұлғалық өсуі мен дамуы туралы, пәндердің білім алушыларда кәсіби құзыреттілікті, дағдылар мен білім блоктарын қалыптастыруға әсері туралы, теориялық және практикалық-педагогикалық білімнің әр түрлі қызмет түрлері туралы экономиканың өзекті мәселелерін шешуге бағдарлауды ескере отырып, бағдарланған пәндер, білім алушылардың жеке ерекшеліктерінің мазмұнын ескере отырып, олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға оқыту пәндерінің мазмұнында кәсіби мәнмәтіннің болуы туралы” және тағы да басқалар ықпал етті.
Каспий жағалауындағы Құрық портының топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын ГАЖ көмегімен бақылау және Маңғыстау облысының ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолдануға болатын теңіз суын тұзсыздандыру гелиоәдісін әзірлеу мақсатында ғылыми-ізденіс жұмысын жалғастыруда. 2018 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға бағытталған конкурсқа «Организация тепличного хозяйства в условиях сухого и жаркого климата с орошением гелиопресненной морской и подземной водой» атты өтінім берді.
Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік иегері атанды. Докторлық диссертация тақырыбы айналасында 10-нан аса мақалалардың авторы. Сонымен қатар Скопус базасы бойынша 1 мақаласы жарыққа шықты. Koibakova Sumbat Elamanovna ID 56589971900 және де «Биоиндикация нефтезагрязненных почв (грунтов) месторождения Жетыбай» атты тақырыбында 2012 жылы ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасады. 30 аса ғылыми зерттеу жұмыстары, монография, оқу құралы, патент авторы, Yildiz technical University, «YTU international Relations» халықаралық тағылымдамалардан өтті.
Қазіргі уақытта Сымбат Еламанқызы Yessenov University Инжиниринг факультеті “Экология және геология” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Кафедра ұжымы арасында басшылық қызметінде әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Факультетіміздегі білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Оған студенттер, магистранттар мен докторанттар тартылған. Кафедраның барлық ғылыми жиыны осы процеске белсене араласады.
Осы ғылыми зерттеу жұмыстарына аса іскерлік, ізденімпаздық әрі жаңашылдығымен көзге түскен Сымбат Еламанқызы Президентіміздің назарынан тыс қалмады. Yessenov University президентіміз Ахметов Берик Бахытжанович Сымбат Еламанқызының білім саласында адал еңбегі үшін алғыс хат пен төс белгісімен марапаттады. Сонымен қатар студенттер арасында «Тәжірибеге бағытталған оқыту» жүйесінде де іскерлік танытады.
Университеттің миссиясын қарқынды дамытып, жаңаша айқындауға ерекше көңіл бөлетін Сымбат Еламанқызы жоғары оқу орнын бірыңғай кадр даярлаумен ғана шектеп қоймай, заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған бағдарламалық кешендерін оқу процесінде қолдану үшін рухани деңгейіне көтеруге күш салды. Атап айтқанда, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін арттыру үшін, ғылым мен инновацияны бір бағытқа тоғыстыру мақсатын жүзеге асыратын Rock Flow Dynamics және «Раббим құрылыс» мекемелері, NCOC компаниясы Есенов университетіне аса үлкен құрмет көрсете отырып, заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған инженерлік бейіндегі Т-навигатор және ЭРА бағдарламалық кешендерін оқу процесінде қолдану үшін сыйға тартқан болатын.
Бұл бағдарламалық кешендер біздің студенттеріміздің өз мамандықтарын заманауи технологиялық бағытта толық меңгеріп шығу мүмкіндіктерін игереді. Жүрегі білім деп соққан Сымбат Еламанқызы отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана. Өз жұмысына жетік білікті маман, ғылыми қызметкер, басшылық жағынан қайсар мінезді Сымбат Еламанқызы кафедра әріптестері мен университет студенттері арасында үлкен құрметке ие. Қиыны да қызығы мол білім жолын таңдаған тәжірибелі маман Сымбат Еламанқызының әлі де алға қойған мақсаттары алдағы уақытта жалғасын табады.
Шынар Хабибуллиевна БАЙМУКАШЕВА,
Yessenov University «Экология және геология»
кафедрасының аға оқытушысы, докторант