“Елбасы медалі” бағдарламасы үш өңірде жалғасып жатыр

Қазақстанның үш бірдей өңірінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған «Елбасы Медалі» бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатыр. Ақтөбе, Түркістан және Маңғыстау облыстарының жастары бағдарламаға қатысу арқылы өздерін дамытып, еңбекпен ширайтын болады. 2022 жылдың маусым айында өзге облыстар мен қалалардың қатысушылары жобаны әрі қарай жалғастыра алады, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жобада 1500-ден астан қатысушы «Елбасы Медалі» бағдарламасының жеті бағыты бойынша, яғни спорт және дене шынықтыру, кітап оқу,  дарын мен дағды, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесін шыңдап жатыр.  Бұл жоба  өскелең ұрпақ арасында жаңа трендке айналып үлгерді.

«Елбасы Медалі» бағдарламасы»  жастарға өзге тараптардан көмек күтпей, өз болашағын өздеріне құруға мүмкіндік береді.  Ең бастысы шығармашылық, мәдени және спорт бағытындағы қабілеттерін ұштайды. Осы күнге дейін бағдарлама 20 мыңнан астам қатысушыны қамтыды, оның 6980-іне «Елбасы медалі» ерекшелік белгісі берілді. Қола медальді 6874 қатысушы алса, 48-і күміс медальмен марапатталды. Мемлекеттік білім гранттары 605 Елбасы медалінің иегерлеріне берілді, олардың 30% – дан астамы – ауыл мектебінің түлектері.

– Біз жобаның сұранысқа ие екенін, қатысушыларды ынталандыратынын көріп отырмыз. Жоба мультипликативті әсерге ие, өйткені қатысушының жетістіктерін көрген туыстары мен достары да шабыт алады. Біз қатысушыларымызды мақтан тұтамыз. Олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанып,  жобаны одан әрі дамыту арқылы тартымды әрі қызықты етеміз, – деді “Елбасы Академиясы” КҚ директоры Асланбек Амрин.

«Елбасы медалі» – еліміз бойынша жастарды виртуалды әлем арқылы табысқа жетелейтін ауқымды челлендж.  Челенджге қатысатын жастар уақытты басқару тәсілдерін игеру арқылы өзін-өзі бағалауға, өз ісінің үздігі болуға, тұлға болуға талпынып қана қоймай, қоғамға қалтқысыз қызмет етуді үйренеді. Қатысушылар “Елбасы медалі” бағдарламасында бар күш-жігерін салып, тапсырмаларды дер кезінде орындау арқылы ең жоғары нәтижеге жеткен жастар ерекше медалмен марапатталады. Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдауымен Елбасы Академиясы жүзеге асырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий