Батыс Қазақстан облысы: 379 мектептен бітіруші түлектің саны 5687

Биылғы оқу жылында аймақтағы 379 мектепте (375 мемлекеттік, 5 жеке) 114 258 оқушы оқу жылын аяқтап отыр: оның ішінде 11 сынып бітіруші 5687 (2021ж.-5916), 9 сыныпта бітіруші 9250 (2021ж.-8690) оқушы. «Алтын белгі»  төсбелгісіне 316 оқушы (2021ж.-430), Үздік аттестатқа 304 оқушы  үміткер (2021ж.-185), – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды. Бүгінгі күні облыста қала сыртындағы 20 лагерь бар. Жоспар бойынша қала сыртындағы 19 лагерьде (1 лагерь жұмыс жасамайды, Казталов ауданының «Алау» лагері апаттық жағдайда) 7 мыңға жуық оқушы, мектеп жанындағы 283 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылатын лагерде 29 мыңнан астам оқушы, 292 мектеп жанындағы тамақ ұйымдастырылмайтын лагерьде (тақырыптық лагерьлер) 55 мыңға жуық оқушы, шатырлы лагерьлерде 2 мыңнан астам шәкіртті қамту көзделген, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева. 

Осы өңірдің бас ұстазы Айгүл Әділгерейқызының ресми мәлімдеуінше жаз мезгілінде түрлі бағыттағы жұмыспен 97 мыңға жуық оқушы немесе 90,57% қамтылатындығы жоспарланған. Мектеп аумақтарын көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарымен 23 мыңнан астам оқушы, Шығармашылық бағытпен 16 мыңға жуық, спорттық-туристік бағытпен 6 мыңнан астам оқушы және зияткерлік бағытпен 51 мыңға жуық оқушы. Жекелеген санаттағы 29 мыңға жуық оқушы немесе 85,20 пайыз.

Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылардың оқушыларынан 11 мыңнан астам оқушы немесе 96,2%-ы, үздік жетістікке жеткен оқушыларынан 18 мыңнан астамоқушы немесе 79,32%, девиантты мінез-құлықы бар балалар 500-ге жуық немесе 98,5% оқушы демалыспен қамтылады. 2022 жылы жазғы демалысты ұйымдастыруға 45 111,0 мың теңге қарастырылған (2021 жылы 38,426 млн.теңге).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий