Бала – біздің болашағымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ететін ерекше мүмкіндік. Балалардың бойындағы  сол дарындылықты  қолдау мақсатында халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет ауқымды шара – «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі басталды.
Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру. Біздің ауданға қарасты Сүйінбай атындағы№143 мектеп-лицейде осы ауқымды шараның аясында «Жасыл Алматы» экология және қоршаған орта байқауы ұйымдастырылуда. Фестиваль аясындағы әр байқаудың бағыттары бойынша жеңімпаз атанған мектеп командалары мен оқушылар жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп,қалалық кезеңге жолдама. алып,байқауға қатысуда. 
Қалалық фестивальді аудандық білім бөлімінің басшысы С. Кусаинова алғысөзімен ашып, білімді де өнерлі оқушыларға сәттілік тіледі. Халқымыз үшін жас ұрпақ тәрбиесі қашан да елеулі тақырыптардың қатарында. Ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі әрі білімді ұрпаққа байланысты. Осы тұста «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі – баланың қиялын ұштап, білімін шыңдап, ойын кеңітіп, бойын сергітер ең таңдаулы жоба. Жаһандану дәуірінде сәт сайын даму үдерісіне ілескен бала тұлғасын әдебиет пен мәдениетке, ой мен дене еңбектерін шыңдауға баулу, кәсіп пен сапалы еңбекке дұрыс бағыт беру, алға жетелеу – біздің үлкен борышымыз. 
Г. НАЙМАНГЕЛЬДИЕВА,
Жетісу аудандық білім бөлімінің
әдіскері, Алматы қаласы
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий