Жеңіс тұғырынан көрінді

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Білім басқармасының қалдауымен жергілікті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында спартакиада ұйымдастырылды.

Тартысты додаға біздің арнаулы оқу орнының директоры О.Мұсақұлов бастаған спортшылар командасы да қатысып, сынға түсті. Бәсекеге қатысушылар  спорттың төрт түрі, атап айтқанда, волейбол (ерлер мен әйелдер арасында), шағын футбол (ерлер арасында), үстел тениссі (ерлер мен әйелдер арасында) және тоғызқұмалақ (ерлер мен әйелдер арасында) бойынша бақ сынады.

Екі күнге созылған жарыста колледж командасы қарсыластарының алдын орап, аса шеберлікпен көзге түсті. Қорытынды кезеңде біздің ұжымның командасы волейболдан  (ерлер мен әйелдер арасында), шағын футболдан (ерлер арасында) және үстел тениссі (ерлер арасында) бойынша үш бірінші орын иеленіп, колледж мерейін үстем етті.

Серік ТАЙЖАНОВ,
Құлан агротехникалық жоғары
колледжіндегі дене тәрбиесі пәнінің
оқытушысы, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий