“Айбын” әскери – патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі

«Балалар жылы» және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы  аясында, «Балдәурен» демалыс базасында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының  облыстық  байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақ арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру,  құндылық деңгейінің маңыздылығын насихаттау, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Байқауға 14-18 жас аралығындағы 105 білім алушы қатысты. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар: Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру; ҚР әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар және байқаулар төмендегідей номинациясында «Пневматикалық винтовкадан ату жаттығулары», «Кермеде тартылу», «Арқаға жатып денені көтеру», «Әскери кросс», «Газқағарды және плащ түрінде жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию», «Әскерилендірілген эстафета», «Арқан тарту», «2022-Өнертапқыштық байқауы», «Айбын жұлдызы» түрлі тапсырмаларды орындай отырып,байқау кезеңдерінен өтті.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындармен: І орын –Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІ орын – Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы; ІІІ орын –Қарақия ауданы «Жігер» тобы марапатталды. Кермеде тартылу» номинациясында: І орын –Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІ орын –Қарақия ауданы «Жігер» тобы; ІІІ орын –Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы.

“Арқаға жатып денені көтеру» номинациясында: І орын – Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы; ІІ орын – Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІІ орын – Мұнайлы ауданы «Жас-қыран»; Толық емес бөлшектеу және толық бөлшектеуден кейін жинау» номинациясында: І орын –Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІ орын-Ақтау қаласы «Жас-қыран» тобы; ІІІ орын-Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы.     

Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындау бойынша І орын – Жаңаөзен қаласы«Қайсар» тобы; ІІ орын-Қарақия ауданы «Жігер» тобы; ІІІ орын- Мұнайлы ауданы «Жас-қыран». Әскерилендірілген кросс І орын – Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІ орын-Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы; ІІІ орын- Мұнайлы ауданы «Жас-қыран» тобы.

Плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газқағарды кию І орын – Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы; ІІ орын – Жаңаөзен қаласы «Қайсар» тобы; ІІІ орын-Қарақия ауданы «Жігер» тобы. Әскерлендірілген эстафета І орын – Жаңаөзен «Қайсар» тобы; ІІ орын-Ақтау қаласы«Жас-қыран» тобы;  ІІІ орын – Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы.

Арқан тарту бойынша І орын – Қарақия ауданы «Жігер» тобы; ІІ орын – Маңғыстау ауданы «Жас-ұлан» тобы; ІІІ орын  – Бейнеу ауданы «Жас-сарбаз» тобы; Smart Sarbaz-2022 өнертапқыштық байқауы І орын –Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы; ІІ орын-Ақтау қаласы «Жас-қыран» тобы; ІІІ орын- Мұнайлы ауданы «Жас-қыран». “Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы І орын – Маңғыстау ауданы«Жас-ұлан» тобы; ІІ орын- Мұнайлы ауданы «Жас-қыран»; ІІІ орын–Түпқараған ауданы «Альтаир» тобы.   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий