Кәсіподақ референдумды қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен биылғы маусым айының 5-і күні Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық Референдум өткізіледі. Референдум әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға қатысу мүмкіндігі. Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы тарихи оқиға, маңызды сәт. 

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы ең ірі Салалық ұйым – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Президент  бастамасын жан-жақты  қолдайды.  Жүз жылға жуық даму тарихы бар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметі еліміздің қалыптасу мен даму кезеңдері және білім беру қызметкерлерінің еңбек қатынастарымен тығыз байланысты.

Азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде Кәсіподақ еліміздің маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларына белсенді қатысады. Қазіргі таңда Салалық кеңес пен оның мүшелік ұйымдары жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін барлық өңірде кешенді жұмыс жүргізуде. Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер халықтың көп жылғы талап–тілектерінен туындап отырған тарихи шешімдер екені анық.

Бұл реформалар  мемлекетті басқару ісінде кең мүмкіндіктерге, тұрмысымызды жақсартуға, өзіміздің өмірімізді жаңартуға жол ашады. Болашағымызды  жаңа бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға санаулы күндер қалды. Ел мүддесі үшін айрықша шешімдер қабылданатын кезеңге бей-жай қарамай, барша қазақстандықтар референдумға белсенді қатысады деп сенемін. Біздің күшіміз – бірлікте!

Айгүл МҰҚАШАЕВА,
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий