Әріптесіміз екі адамды ажалдан арашалап қалды

Дәурен Жамбаевтың есімі қалаға лезде танымал болды. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының қаржы-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының екі адамның өмірін құтқарған әрекетін жерлестері ерлікке балап отыр. Оқиға жексенбі күні таңғы сағат 4 пен 5-тің арасында болған.

– Сенбі күні түн ортасынан ауа көпшілік күткен футболдан чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті. Сол матч аяқталысымен далаға шыққанмын. Үйіме жақын жерде кафенің өртеніп жатқанын өрт сөндірушілерге хабарлап, өзім де бірден солай қарай жүгірдім. Келе сала барлық есік, терезелерді қақтым. Алғашында ешбір белгі болмағанымен, ғимараттың апаттық есігін соңғы күшімен ашқан бір азаматты көрдім. Ол есікті аша сала көк түтіннің кесірінен есінен тана берді.

Оны баспалдақ арқылы төменге алып түсіп, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиысымен іште тағы біреу адамның қалғанын айтты. Енді ішке бірден кіру мүмкін емес. Жалын күшейіп, өрттің аумағы кеңейіп барады. Ішке кіргеніммен, өзім тұншыға бастадым. Қайта далаға шығып, кафені айнала жүгіріп, терезені кірпішпен  сындырып, екінші адамды алып шығудың сәті түсті,- дейді әріптесіміз.

Дәурен Әбінсерікұлы нағыз ерлікті өрт сөндірушілердің атқарғанын атап өтті. Өз ісінің мамандары қызыл жалынға қарамастан, кафе ішінен 4 газ балонын алып шыққан. 5 баланың әкесі әріптесіміздің азаматтық әрекеті көп үлгі болғаны анық. Әріптесіміз Зияткерлік мектепте 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі, ШҚО

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий