“Worldskills – Kostanay 2022” өңірлік кәсіби шеберлік байқауы қорытыланды

Міне, кәсіби шеберліктің ең ауқымды және маңызды байқауы – Worldskills – Kostanay 2022 сегізінші өңірлік чемпионаты аяқталды! 16-27 мамыр аралығында колледж, ЖОО және облыс кәсіпорындарының студенттерінен 275 қатысушы және 320-дан астам сарапшы-тәлімгер 12 алаңда алты мамандықтың 42 құзыреттілігі бойынша бақ сынасты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

27 мамырда Жастар сарайының салтанатты жабылу рәсімінде өз мамандығы бойынша чемпионаттың үздік танылған 114 жүлдегері марапатталды. Қатысушыларға білім басқармасының басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызы сөз сөйлеп, халықаралық чемпионаттардағы балалардың жетістіктерін атап өтіп, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және облысты ұлттық чемпионатта лайықты көрсетуге тілек білдірді.

Сондай-ақ Абилимпикс («Сән технологиясы» және «Сылақ жұмыстары» құзыреттіліктерінде) бағытындағы талантты кәсіпқойлар, Junior skills («Cad инженерлік дизайны», «Сән технологиясы» құзыреттіліктерінде) жас оқушылар, Baby skills («Электроника», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Бейнелеу өнері», «Музыкалық тәрбие») мектеп жасына дейінгі балалар да марапатталды.

Биылғы жылы ашылған жаңа құзыреттіліктерде студенттердің «Ветеринария», «Теміржол көлігінде тасымалдау процесін басқару», «Бухгалтерлік есеп», «Тоңазытқыш жабдықтар және ауа баптау жүйелері», «Мехатроника» сияқты өздерінің таланттары мен кәсіби біліктіліктерін көрсеткені қуантады.

Қаланың ірі компанияларының өкілдері, колледждердің әлеуметтік серіктестері: «Агромашхолдинг kz» АҚ hr басқармасының бастығы А. Травина, Allur «Сары Арқа Автоөнеркәсіп» зауытының персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы А. Құсайынов және «ГК Эксперт» ЖШС директоры И. Бубнов ең үздік қатысушыларға жұмысқа орналасу сертификаттары мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

Жабылу рәсімінің соңында авторларының, Қостанай педагогикалық колледжі педагогтарының орындауында алғаш рет чемпионаттың әнұраны шырқалды. Кәсіби шеберлігі үшін чемпионаттың 114 жүлдегері мен 15 медаль иесін құттықтаймыз! Ал жеңімпаздарды осы жылдың күзінде өтетін ұлттық чемпионатқа қатысу күтіп тұр. Балаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий