Қостанай облысында жазғы мектептер жұмысын бастады

Жазғы мектептегі оқу бағаланбайды, үй жұмыстары да берілмейді, оқушыларға мектеп формасыз сабаққа баруға рұқсат беріледі. Жазғы мектептердің жұмысы барысында сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде ұйымдастырылады, балалар туған өлкесінің тарихымен және қызықты мамандықтармен танысып жатыр, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Негізгі пәндер бойынша сабақтар икемді кесте бойынша қолжетімді және қызықты түрде өткізіледі. Бірінші сынып оқушысы Малика Кишибаева оқуды жалғастырғанына қуанады: «Мен математиканы жақсы көремін, қазір біз күрделі болған тақырыптарды қайталап жатырмыз. Біздің мұғалім ойлау жылдамдығын дамыту үшін көптеген ребустар мен математикалық сөзжұмбақтар жасырады, бұл өте қызықты. Маған және менің сыныптастарыма жазғы мектепте оқыған ұнайды».

Жазғы мектепте «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасын іске асыру шеңберінде кітап оқуға көп көңіл бөлінеді. Себебі кітап оқу кемелденуге көмектеседі. Балалардың сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі. Кітап оқу балалардың таным көкжиегін кеңейтеді, олардың ой-өрісін дамытады. Қостанай қаласының № 17 мектептің мұғалімі Инна Александровна Энна өз сабақтарында алтыншы сынып оқушыларын қазақстандық және әлемдік авторлардың туындыларымен таныстырып, оқу үшін бір кітап таңдаған.

Мұғалім мен оның оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің бірінші тарауын оқып шықты, балаларды қызықты жаңалықтар күтеді. Қазірдің өзінде шамамен 60 мың оқушының бос уақыты тиімді ұйымдастырылды және жазғы мектептердің жұмысы кезінде олар жаңа оқу жылына сапалы дайындала алады. Жазғы мектептегі сабақтар 17 маусымға дейін жалғасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий