Ақтөбе облысы: “Елбасы медалі” жобасының қола жүлдегерлері марапатталды
Жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарламаның салтанатты жиыны өтті. Басқарма басшысының орынбасары Бертілеуова Нұргүл Лескенқызы оқушылармен кездесіп, білімпаздарға жасалып жатқан мүмкіндіктің кең екендігін айтып өтті, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір әсіресе, шалғай ауыл балаларының халықаралық олимпиадаларда топ жаруы көңіл қуантып отыр. Бұл дегеніміз білім алуға ешқандай шекара жоқ екендігінің айғағы. Шара барысында 15 оқушыға “Елбасы медалі” мен сертификат табысталды. Ал Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Шалқар аудандарының жүлдегерлеріне медальдерін аудан әкімдері тарапынан марапатталды.
Загрузка...Алты ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастар бұл жолы қола медальдарды иеленді. Ал, күміс медаль үшін 12 ай және алтын медаль алу үшін 18 ай тапсырмалар орындауы қажет.Оған 14 пен 18 жас аралығындағы қатысушылар жұмыстанды. Оқушылар жоба барысында спорт, кітап оқу, волонтерлық және туристік саяхат сияқты 7 бағыт бойынша өздерін дамытты. Қатысушыларға тәлімгерлер күнделікті тапсырма беріп, оның орындалуын бақылап отырды.