“Ғарыштық робототехника” атты оқушыларға арналған тәжірибелік практикумы
«Бөбек» ҰҒПББСО Обсерватория базасында «Ғарыштық робототехника» атты тәжірибелік практикум өткізілді. Тәжірибелік практикум ҚР ҒБМ бекіткен «Бөбек» ҰҒПББСО-ның жұмыс жоспарына сәйкес, білім беру робототехникасын дамыту шеңберінде білім беру мекемелерінің жұмыс практикасына заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық жабдықтарды енгізу бойынша озық педагогикалық тәжірибені дамыту,
Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында өткізілді. Практикумға Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мектептерінің 6-10 сынып оқушылары қатысты. Курс бағдарламасына LEGO MINDSTORMS EV3 және Ардуино платформаларында лего-құрастыру тақырыптары, сондай-ақ адамгершілік-рухани және ғарыштық білім беруді интеграциялау бойынша дәріс, жұлдызды аспанды кешке бақылау, практикалық сабақтары енгізілген.
“Ғарыштық робототехника” зертханалық практикумын өткізу кезінде оқушылар Ардуино контроллеріне бағдарламалар жазуды, атқарушы механизмдерді басқаруды және датчиктерден ақпаратты оқуды үйренді, роботтандырылған жүйелерді модельдеу, жобалау, жоспарлау және басқару негіздерімен танысты, алынған теориялық білімдерін бекіткен зертханалық жұмыстар түріндегі практикалық сабақтарды өткізді.
Arduino платформасында робототехникалық жүйелерді одан әрі жобалау үшін әртүрлі электронды компоненттерді қолдана отырып, жобалар түріндегі арнайы жиынтықты, сонымен қатар С++ тілінде бағдарламалау негіздерін қолдана отырып жұмыс жасады. Өз жобаларын іске асыру үшін қатысушылар жарық диодтарын, резисторларды, конденсаторларды, батырмаларды, пъезодинамикті, фоторезисторды, потенциометрді, температура датчигін, қашықтық датчигін, СК дисплейді, газ датчигін, мембраналық пернетақтаны, Bluetooth модулін, моторларды және сервоприводты пайдаланды.
Сондай-ақ, ақылды үй, робот-қол, робот-гуманоид, қауіпсіздік жүйесі, электрондық калькулятор, түнгі шамдар, жүгіртпе жол, бағдаршам, серво жетегі манипуляторы, датчиктерден СК дисплейге және сериялық интерфейс мониторына деректерді шығару, сыйымдылық өлшегіші және тағы да басқа сияқты түрлі қызықты жобалармен жұмыс істеді. Arduino-ның “миы” ретінде қызмет ететін Atmega 328 сенсорының, әр сенсордың және микроконтроллердің мақсаты мен жұмыс принципін білдік.
Қатысушылар әртүрлі робототехникалық жобаларды жүзеге асыру үшін Arduino тақталарын бағдарламалау және күйін келтіру принципін игерді. Практикумның соңында оқушылардың робототехника және лего-құрастыру саласындағы білімдерін тексеру мақсатында қорытынды бақылау жұмысы және жобаларды қорғау жүргізілді. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша хаттама жасалды. Барлық қатысушыларға “ғарыштық робототехника” тәжірибелік практикумын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталған болатын.
Әсел Жанболатқызы КЕНЖЕТАЙ,
«Бөбек» орталығындағы обсерватория
директорының орынбасары