Мамандықты таңдау – тағдырыңды  таңдау 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – тәуелсіз еліміздегі еңсесі биік оқу орындарының бірі. Университетіміз мыңдаған болашақ ұстаздарға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, ұлттық зиялыларымыздың қатарына қазақ қыздарының көбеюіне үлес қосты. Бүгінде кеңбайтақ отанымыздың кез келген жерінде, оқу орнындарында  ұстаздық, қоғамдық, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүрген түлектерді кездестіруге болады.

Жылдар өткен сайын елімізде педагог кадрларға қойылатын талап өсе түспек. Осыған байланысты университет оқытушылар құрамы атақты ұлағатты ұстаздармен толығып, материялдық-техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері арта түсті. Сондықтанда университеттің ұстаздар ұжымы уақыттың талабын дұрыс аңғарып, еліміздегі білім беру жүйесіне белсене атсалысып, осы саладағы әлемдік, отандық тәжірибелерді игеріп, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіру арқылы шәкірттеріне терең де, тиянақты білім беруде жақсы нәтижелерге  жететіне сенеді.

Өмір талабына сай  ел қажеті үшін, мамандықтарды  даярлау ісі қолға алынған. Бүгінгі таңда университте жаратылыстану, физика-математика және цифрлық технологиялар ,арнайы педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және  өнер, қазақ тілі және  әлем тілдері инстуттарында оқып,  педагог мамандығын бітіріп, әр өңірде жемісті еңбек етіп  жүрген түлектеріміз жетерлік. Жаратылыстану институты Қыздар университетінің құрамындағы алғашқы ашылған институттың бірі.

Мұнда «Биология, Химия, География» мамандықтары бойынша бакалавр, магистрлер, докторанттар даярланады. Инстуттың миссиясы – білімді (ғылымды) дамыту, қыздарға педагогикалық білім беру; белсенді азаматтық ұстанымы бар мамандарды даярлау. Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрпын сақтай отырып, білімді, ғылымды, инновацияларды интеграциялау (біріктіру) үшін қолайлы жағдай жасау. Институт төмендегідей мамандықтарды дайындайды: Бакалавриат бойынша: 6В01509 – Биология; 6В01510 – География; 6В01511 – География-Тарих; 6В01512 – География-Биология.

6В05101 – Биология; 6В011101– Туризм; 6В0507 –Химия; 6В01508 –Химия-Биология; 6В05301– Химия. Магистратура бойынша: 7М01504 – Химия; 7М01505 – Биология; 7М01506 – География; 7М05302 –Химия. Докторантура бойынша: 8Д01503 – Химия; 8Д01504 – Биология; 8Д01506 – География; 8Д05301 – Химия. Әрине  материалдық-техникалық базасы жақсартылмаса, университет мұндай табыстарға жете алмас еді. Гоголь көшесі бойындағы жатақхана, Әйтеке би көшесіндегі университеттің бас корпусы.

Екі қабатты асхана, «Aққу» бассейіні, мұражай, электронды кітапхана, тренажер залы, жуыну бөлмелері, аэрофитнес залы, екі спорт алаңы, Қапшағай су  қоймасындағы  демалыс аймағы, агробиостанциясы бар. Мұнда компьютерлік және педагог кадрлардың біліктілігін көтеру орталықтары, студенттердің Кіші ғылым академиясы жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын ұйымдастыруда ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар мүшәйрасы өткізіліп, университетте «Ұстаз, Жас математик, Табиғат сүюшілер»  тағы  да  басқа үйірмелер мен шахмат клубы жұмыс істейді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті елдер аймағында емес, әлемде өзіндік дара бітімі, ерекше, жаңа биіктен көрінетін, даму тарихы бар беделді оқу орны. Бүгін мектеп бітрушілерге мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беруде, болашақта ұстаз маман боламын дейтін талапкерге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тыныс-тіршілігінің ерекшеліктерін, «білім-ғылым» жүйесі мен нәтижелері мамандық таңдауда маңызы зор, өмір жолында болашағын айқындайтын қадам екені белгілі.

Биылғы жылы  бітірушілердің таңдауына бағыт-бағдар бере отырып, оларға заманауи университетте білім алуға, келешекте білікті маман ретінде еліміздің  дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Мамандық таңдауда әрбір жеткіншек өзіне қажетті, тиімді, маңызды саланы таңдау керек. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев 2021 жылғы қыркүйектегі Жолдауында «Елімізге жас, білімді әрі ынталы  мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында кемінде 100  мың жоғары білікті IT-маман даярлау қажет.

Жоғары оқу орындары мамандарды сапалы даярлауына жауап беруге міндетті» деп атап өткен. Осы талаптарға сай мамандар даярлайтын Қазақ ұлттық қыздар университеті педагогика саласындағы жетекші, озық білімнің қара шаңырағы. Университетте 5 институт бар. Институттарда  ғылымға еңбегі сіңген  профессорлар, PhD докторлар дәріс береді. Университетте магистратура мен докторантура бар, олар таяу, алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Бүгінде университеттің басшылығы мен ұжымы талапкерлерге білім алушыларға жақсы жағдай жасап, қолдан келгеннің бәрін жасай береді. Алдарына мақсат қоя білген «жастар үшін есігіміз әрдайым ашық» Жас талапкер «мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау» деп, кейінгі өмірде өкінбейтіндей, қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау, өте жауапты, маңызды іс, әр адам мамандық таңдауда өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты.

Ғалия Жұмаханқызы МЕДЕУОВА,
Биология кафедрасының қауымдастырылған
профессор міндетін атқарушы, ауыл
шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий