Жаңа формат: инновациялық педагогикалық кеңес

«Дамушы қоғамның басты ресурсы – білімді адамдар ғана емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар» (Г.П. Щедровицкий). Осы ұранмен Семей қаласының “№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені” КММ ұжымының педагогикалық кеңесі стандартты емес форматта өткізілді. Қазіргі заман білім беру мен кәсіби дайындықтың жаңа үлгілерін талап етеді. Бұл адамдардың “өмір бойы оқу” деп аталатын оқу процесіне қайта оралуын білдіреді.

Педагогикалық еңбектің, білім беру мазмұнының, әлеуметтік-мәдени  мән – мәтіндердің тез жаңаруына байланысты жаңа білім мен құзыреттілік алу қабілеті мұғалімдерге де қажет болады. Кәсіптік білім беру мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру үздіксіз сипатта болуы және мектептегі білім берудің жаңа мақсаттарына сай болуы тиіс. Жаңа тұжырымдама жағдайында біліктілікті арттыру жүйесі түбегейлі өзгереді және өзін-өзі дамытуға баса назар аударылады.

Сондықтан да қорытынды педкеңестің өтетін орны 140 жылдық тарихы бар Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана болды. Кітапханамен ынтымақтастық- әсіресе, “Оқуға құштар ұлт, оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру аясында өзекті. Педагогикалық кеңестің міндеттерінің бірі- мектеп педагогтерінің өздігінен білім алу тақырыптары мен оқушылардың ғылыми жобалары бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі үшін кітапханамен коллаборация жасау үшін жағдай жасау болды.

Оқу жылының аяқталуы, жазғы мектептің өткізілуі, мектеп жобаларының нәтижелері және балалардың жазғы демалысы туралы айтылған дәстүрлі ұйымдастырушылық бөлімнен кейін теориялық бөлім басталды. Мектеп директоры Нуржан Нигметоллаевич Ахметкалиев кіріспе сөзінде “Табысты мектеп – мұғалімдер үнемі (күн сайын) өзінің кәсіби біліктілігін дамытатын мектеп. Табысты мұғалім-өзінің кәсіби біліктілігін үнемі (күн сайын) дамытатын мұғалім”. Бұдан әрі ол білім беретін мектептен “білім алушы-ұйымға” айналып, жаңа білім беруді үздіксіз құрумен айналысатын мектепке айналуға ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Білім алушы ұйым бұл- білімді құру, алу және беру дағдылары бар, сондай-ақ жаңа білім мен идеялар үшін өзгеруге дайын ұйым. Бұл идея педагогикалық кеңестің практикалық бөлімінде өз жалғасын тапты. Практикалық бөлім алты жерде өтті: “Оқу залы”, “Сирек кітаптар бөлімі”, “Шетел әдебиеті бөлімі”, “Мерзімді басылымдар бөлімі”, “Балалар әдебиеті бөлімі”, “Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі”. Кітапхана маманы кітап қоры, түрлі бағыттағы ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізетін бөлімдер туралы айтып берді.

Бөлімдердің жұмыстарымен мұғалімдер топтарда практикалық жұмыстарды орындай отырып, толығырақ танысты. Топтардың жұмысына мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Л.Өтеуова қатысты. Әр топ презентация немесе постер дайындады, онда ұсынылған бөлімнің қызметі көрсетілді, үйірмелердің жұмысы баяндалды және оқуға кітаптар мен журналдар ұсынылды. Мұғалімдер өздерінің оқырман жазбаларын жаңартты және кәсіби, тұлғалық өсуі үшін кітапханаға үздіксіз бару қажеттілігі туралы ой қорытты.

Педкеңестің келесі бөлігі ZOOM-ға қосылу арқылы өткізілді. Кеңес қонақтары мұғалімдерге құнды ұсыныстар берді. Архыматаева Айнұр Жақсылыққызы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы, Орта білім мазмұны институтының аға ғылыми қызметкері, Phd философия докторы “2022-2023 жылдарға арналған нұсқаулық-әдістемелік хат” жобасы және ҚР БҒМ келесі оқу жылында енгізуді жоспарлап отырған жаңалықтар туралы айтып берді.

ҚР БҒМ осы оқу жылында республикада алғаш рет өткізілген пәндік съездерде қабылданған барлық ұсынымдар мен шешімдерді ескергенін есту педагогтар үшін өте қуанышты болды. Сондай-ақ, ол қолданыстағы білім беру бағдарламаларының кемшіліктерін толықтыру және жою бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдерден құрылған шығармашылық топтардың жұмысын жоспарлау туралы айтты. Сонымен қатар, Айнұр Жақсылыққызы Президенттің ұлттық құндылықтар аясында Тәрбие жұмысын тереңдету туралы тапсырмасын еске салды.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы  жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша мақсаттарды пәндер мазмұнына енгізе отырып, жастарды тәрбиелеу үдерісіне икемді көзқарасты ұсынады. Тағы бір қонақ – Алматы қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының аға маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Әлімов мұғалімдердің үздіксіз жүйелі кәсіби дамуы және әсер ететін жағдайлар туралы өз ойымен бөлісті.

Атап айтқанда, мұғалімді дамытудың 2 жолын атап өтті. Біріншісі-топтық жұмыс, өзара оқыту, екіншісі-өзін-өзі тәрбиелеу, оның негізі кітап оқу болып табылады. Ол айына кем дегенде бір кітап оқуды ұсынды. Асхат Әлімов мектеп деңгейі мұғалім деңгейінен жоғары болмауы керек деген аксиомаға назар аударды. «Дамушы қоғамның басты ресурсы – білімді адамдар ғана емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар» болады, онда жұмыс істейтін мұғалімдерге байланысты деп сөзін қорытындылады.

Сөзінің соңында мұғалімнің педагогикалық философиясы туралы маңызды қорытынды жасады: мамандықты жақсы көру және «кәсіби күйіп қалмау» үшін сіз мақсатты көріп, дамуға ынталандыратын миссияңызды түсінуіңіз керек. Жұмыс қорытындысын шығара отырып, мұғалімдер білім берудің жаңа моделі контексінде инновациялық педагогикалық кеңестердің және кәсіби, сондай-ақ жеке жоспарда өзін-өзі дамытуға уәждемені арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Педагогикалық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұжыммен бірауыздан келесі шешімдер қабылданды: – Жазғы кезеңде үздіксіз білім беру идеясы аясында, Шәкәрім атындағы университеттің ғылыми жетекшілерімен, кітапхана қызметкерлерімен ынтымақтастықта авторлық бағдарламаларды, вариативті курстардың бағдарламаларын пысықтап, таратуға әзірлесін. Мектеп оқушыларын кітапхана базасындағы үйірмелер жұмысына тарту. Келесі оқу жылында кітапхана қабырғасында ТЭДх, READх форматында қалалық конференциялар ұйымдастыру.

№ 3 жалпы орта білім беретін
мектеп-кешенінің әкімшілігі, Шығыс
Қазақстан облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий