Эмоционалды интеллект: тренерлерге арналған жаңа білім мен кейстер

Оқу процессіндегі эмоцияның рөлі, тыңдаушылардың эмоционалды жай-күйі, адамның эмоционалды-психологиялық жағдайы –эмоционалды интеллектке арналған бұл және басқа да сұрақтар «Қазақстан тренері: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» республикалық семинарында талқыланды, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Семинардың алғашқы күнін ALMA University менеджмент мектебінің деканы Айман Қазыбаева ашты. Ол оқу үдерісіндегі эмоциялардың рөліне толығырақ тоқталды. Келесі сессияда тренерлер Данил Файзуллаев пен Анар Тәңірбергенова коуч-психологтармен бірлесіп адамның эмоционалды жай-күйін анықтауға, эмоционалды-психологиялық жағдайына, өзге адамның көңіл күйіне, тәжірибелеріне назар аударуға және біліктілікті арттыру курстарында эмоционалды калибрлеу туралы білімді қолдануға үйренді.

Семинарға қатысушылар медиа-тренер, PR-коуч Ақерке Берлібай дайындаған әлеуметтік желілердегі нақты кейс-мысалдармен коммуникациялық менеджмент және беделді PR саласындағы әртүрлі деректермен танысты. Семинардың екінші күні Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің жұмысы тыңдаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тренерлік сессияларды жоспарлауға, олардың прогресін мониторингілеу құралдарын пайдалануға, курстарда оқытудың өзіндік практикасының рефлексиясына бағытталған «Араны қайрау» практикумдарының сериясы форматында жалғасты.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың табысты алаңына айналған «Қазақстан тренері: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» республикалық семинарын Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы он бірінші рет ұйымдастырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий