“Ertis bala fest” мерекелік думаны

Биыл халықаралық балаларды қорғау күні Балалар жылымен тұспа тұс келіп отыр. Ертіс-Баян өңірінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан балаларды қорғау күніне арналған «Ertis bala fest» мерекелік думаны ауқымды түрде өтті, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естай атындағы мәдениет сарайының алдында ата-аналарға арналған «Айкуне» сау омыртқа орталығы, «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы, психологиялық-медициналық-педагогикалық және банк  қызметкерлерінің кеңестері берілді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жас жеткіншектерді атаулы мерекелерімен құттықтады.

– Қымбатты жас достарым, сіздерге айтарым еліміздің болашағы өздерің сияқты білімді, тәрбиелі, өз алдына жоспар қоя білетін жастардың қолдарында. Сол себепті сіздермен бірге еліміздің болашағы жарқын болады деп сенемін. Ал біз әрқашан сіздерге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті. Сонымен қатар, 2022 жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалардың 58 жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен медальдар және облыс әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сертификаты табысталды. 

Мәдениет сарайының фойесінде Оқушылар сарайының, мамандандырылған мектептердің, Павлодар қаласының техникалық мектебінің, ақпараттық технологиялар колледжінің тәрбиеленушілері «Қарапайымнан күрделіге дейінгі жол» атты «KZ modeling» алаңында өз жұмыстарын ұсынып,  IT – технологиялар саласындағы жетістіктерімен таныстырып өтті. Облыс әкімі балалардың жұмыстарымен танысып, шығармашылық табыс тіледі.

Сонымен қатар, «Аквагриммен» денелеріне сәнді де әдемі сурет салып берілді. «Шебер әлемі», білім берудегі робототехника бойынша көрмелер ұйымдастырылды. Ал, музыкалық колледждің студенттері келушілерді сазды әсем әуенмен қарсы алды. Аталмыш мереке М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында да ауқымды тойланып өтті. Әр түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік концерт өтті. Жас жеткіншектерге тәтті сыйлықтар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий