Байқау жеңімпаздары үш миллион теңгенің сертификатын иеленді

Қостанайда Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде көңілді күлкі мен керемет көңіл-күймен өтеді. Алаңда балалар түрлі түсті борлармен әсемдікке толы сурет салып, мәз болды. Үздік суретші балалар баннерге туған жердің көркем жерлерін салып шықты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те балаларға қосылып, сурет салды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Әкім өз құттықтауында мемлекет әрбір адамның өз әлеуетін толық іске асыруы үшін барлық жағдайды жасап отырғанын атап өтті: жылма-жыл жаңа мектептер салынып, спорттық ғимараттар ашылып жатыр, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.

Архимед Мұхамбетов республикалық олимпиаданың 29 жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтап, оларға ие болған медальдар мен ақшалай сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ оларды дайындаған тәлімгерлер алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Білім-инновация» лицейінің жас таланттары өздерінің медальдарын алды – 8 оқушы жүлдегер атанды, олардың көбі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары ретінде белгілі.

Рудный қаласының №7 мектеп-гимназиясының Қазақстан тарихы бойынша олимпиадасының жеңімпазы Ердібай Жақсылық туған өлке тарихын білу әрдайым пайдалы болатынына және оның өміріне көмектесетініне сенімді. «Өз күшіңізге сеніңіз және білімге ұмтылыңыз, – деп кеңес береді Ердібай Олимпиаданың болашақ қатысушыларына.

Валерия Клоппертанц өткен жылдың жетістігін қайталап, екінші рет қатарынан неміс тілі олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол өзінің тәлімгері Любовь Семеновна Филинковаға және ата-анасына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Неміс тілін С1 жоғары деңгейде меңгерген ол болашаққа жоспар құруда: сүйікті мұғалімінің ізін басып Валерия мұғалім болғысы келеді.

Меңдіқара, Жангелдин аудандарынан және Лисаков қаласынан облыстық «Мектеп балалар көзімен» конкурсының жеңімпаз 3 командасы бүгін әрқайсысы 3 миллион теңгеге сертификат алды. Мереке қала орталығындағы алаңдарда жалғасты. Балалар би флешмобтарына қатысты, спорттық жарыстарда өз күштерін сынап, жазушылармен және суретшілермен кездесті. Балалар вокалды ұжымдары мен ансамбльдер өнер көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий