Қазалы ауданындағы “Worldskills Kyzylorda – 2022” облыстық чемпионаты

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің базасында Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерінің арасында «Графикалық дизайн», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша Worldskills кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Чемпионатты Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесіне, колледждерді бітірген орта буын және жұмысшы кадрлар өндіріс пен шаруашылыққа аса қажет екеніне, аймақ бойынша WorldSkills Ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі 2022 жылдың 11-17 мамыр аралығында 21 құзыреттілік бойынша аймағымыздағы 11 колледждің базасында өткізілетін болса, біздің ауданда 4 құзіреттілік бойынша өткізілуі Қазалы аграрлы-техникалық колледжі базасы мықты облысымыздағы алдыңғы қатардағы колледждердің қатарында екенін көрсетеді, – деп облыс бойынша қатысып жатқан қатысушыларға шынайы тілегін жеткізді.

Мұнан кейін Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) бөлім басшысы Нұрхан Әбдіқалықов аймағымызда өткізіліп жатқан чемпионаттың мақсаты мен күтілетін нәтижесіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионаттың облыстық кезеңіне И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Қызылорда инженерлік техникалық колледжі, Cмағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, Арал көпсалалы колледжі, Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі, Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі, Жалағаш индустриалды – аграрлық колледжі, Қызылорда жоғарғы көпсалалы колледжі, «ORDA» жоғарғы колледжі, Жаңақорған аграрлы – техникалық колледжі, Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінен 4 құзіреттілік бойынша 29 қатысушы қатысты.

Байқау қорытындысымен 4 құзіреттілік бойынша жеңімпаздар анықталып, бірінші орын иеленген жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды. «Графикалық дизайн» құзіреттілігі І орын -Үйрекбай Аида Русланқызы, Қазалы аграрлы – техникалық колледжі; «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі; І орын – Ақжолов Рамазан Русланұлы, Қазалы аграрлы – техникалық колледжі; «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі; І орын – Тәжібаев Ердос Талғатбекұлы, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі

«Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша бірінші орын – Мәтен Нұрдәулет Нұрділләұлы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі. WorldSkills Чемпионатын өткізуден күтілетін нәтиже – мамандарды даярлаудың инновациялық үлгілеріне қол жетімділікті ашу, жоғары дағды мен кәсіптік құзыреттілікке оқытудың алдыңғы тәжірибесімен танысу мүмкіндігін ұсыну, кәсіптік шеберліктің ұлттық және халықаралық байқауларына қатысу тәжірибесін арттыру, ҚР ТжКБ беру жүйесін кәсіби мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесімен интеграциялауға қолдау көрсету, ҚР ТжКБ беру жүйесінің мамандарды даярлаудың жалпы қабылданған әлемдік стандарттарына шығу мүмкіндігін ұсыну.

Шарбану Толыбайқызы БАЕКЕЕВА,
Қазалы аграрлы- техникалық колледжі
директорының 
оқу жұмыстары жөніндегі
орынбасары, 
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий