“Фитохимия” ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий