Білім бәйгесінен озған балғындар

Білім бәйгесінде өзгелерден оза шауып, биіктерді бағындырған балғындар мерейлі күні құрметке бөленді. «Достық үйінде» жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов құттықтады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

– Жыл бойы төккен тердің жемісін көретін уақыт келді. Бұл жеңіс – тек оқушының ғана емес, оған бағыт-бағдар берген ұстазы мен тәлім-тәрбиеге баулыған ата-ананың да ортақ қуанышы. Биыл «Балалар жылы»деп жарияланғанын білесіздер. Бүгінгі жастар – елдің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Білім – адам баласының ортақ қазынасы, болашаққа жол салар бағалы байлығы десек, біліммен қаруланған тәрбие мен тағылымы ұштасқан жаңа Қазақстанның жалынды жастары өздеріңіз. Сіздер білімді, Отанын сүйетін рухы мықты азамат болсаңыздар, еліміз қарыштап дами беретініне сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мұнан кейін Қайрат Ырзақұлұлы олимпиада жүлдегелерлерін I, II, III дәрежелі диплом, медальдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Жүлдегер оқушылардың ата-аналары мен жетекшілері де Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 679 білім ордасынан 2044 оқушы білім додасына түсті.

Мыңнан дара, жүзден жүйрік шыққан, дарынымен дараланған шәкірттерді даярлаған білім ошақтары «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Біздің облыстан үш мектептің мерейі үстем болып, осы тізімнен орын алды. Олардың ішінде № 9, №10 дарынды балаларға арналған білім инновация лицейлер, Шиелі ауданы М.Ломоносов атындағы №47 мектеп лицейі бар. Дарыныдыралмен кездесу шарасының соңы мерекелік концертке ұласты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий