Батыс Қазақстан: Облыстық эссе байқау

Биылғы балалар жылының аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтағы департаменті мен облыстық білім басқармасының ортақ мақсаттағы бірлестігінің нәтижесінде мектеп оқушылар арасында мемлекеттік қызмет туралы түсінік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру бағытында “Менің түсінігімдегі мемлекеттік қызмет” тақырыбында арнайы эссе байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Осы сынақтың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынмен Казталов ауданындағы Ғұмар Қараш есімін иеленген Қараоба мектеп-ғимназиясының 7-сынып оқушысы Мақсот Дәулет марапатталса, екінші орынды Бөрлі аудандық Пугачев мектеп бөбекжай-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы Назаров Мансур мен Жаслан Інжу бірге бөлісті.
Ал үш үшінші орын Орал қаласындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Ерғали Диляра мен Қаратөбе мектеп гимназиясының 7-сынып оқушысы Сүндетқали Досжан және Тасқала аудандық «Сәулет» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Каламбаева Альаминаға берілген болатын.

Жеңімпаздарға дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталып, басқа да қатысушыларға алғыс хаттар үлестірілді. Бұл байқауға қаржылық қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған “Алтындар” супермаркеті желілерінің директоры Барабаш Денис Викторович пен “Батыс Дент” стоматологиясының директоры Мусина Кама Аскаровнаға жиналған жұрттың алғыстан басқа айтары жоқ.
Загрузка...