Балабақша жасындағы балалардың өлке табиғаттын сүю арқылы ақыл ойын дамыту әдісі
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының әр уақытта қызықтырады. Олар сөйлеп, нәрсені қолына ұстап және айналаны байқап бақылай бастаған кезден-ақ үлкендерден әр нәрсені сұрап, білмекке құштар болады. Әрнәрсені әсіресе табиғат құбылыстары «қар неге жауады? жаңбыр қалай жауады? қарбыз қыста неге піспейді?” – деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды құбылыс. Ендеше балабақшаның тәрбиешілер балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре алуы керек.
Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса бастайды, сондықта адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша адамға тіршілік қамы, табиғи қажеттілік екенің балаға түсінікті тілмен жеткізу керек. Бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген аяушылыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті мәселесінің бірі болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты – табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, өлке табиғаты жөнінде қарапайым білім бере отыру. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, қоршаған орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса беруі тиіс.
Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышын жабдықтауға болады. Ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын көрме ұйымдастырылғаны дұрыс болады. «Алтын күз», «Кұстар күні», «Табиғатты сүйеміз» және тағы да басқа түрлі тақырыптардағы ертеңгіліктер бала еңбегімен бірлесіп, әр педагогтің ізденімпаз әдісінен ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады деуге болатынын және тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз.
Алғашқысы балалардың өлке табиғатына деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу. Және балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыруға болады.
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбие беру тәрбиешінің балаларды туған өлке табиғатын суюге баулуының нәтижесі болады. Балалардың туған өлкенің өсімдіктері туралы ұғымдарын кеңейтіліп, оның ішінде күнбағыс және тағы да басқа өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар – топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі.
Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды қолдан тамақтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын өз сүтімен адамзат сияқты асырайтындығы түсіндіріледі. Сонымен қатар халық балаға туған елінің табиғатының құпия сырларын оны қорғауды, аялауды ән-жырлары арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген.
Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айналаны қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сайраған сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың мен үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырып, Отан, туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеген.
Лейла Алибаевна БЕКТУРГАНОВА,
№ 31 «Еркемай» бөбекжайының тәрбиешісі,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы