Қазіргі уақытта рухани адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы және үздік әлемдік тәжірибе

Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы қай ғасырда болмасын назардан тыс қалған емес. Ол руханилыққа, ізгілікке, қамқорлыққа және сүйіспеншілікке ұласады. Бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық цифырлы заманда рухани адамгершілік тәрбие өзектілігін тек өткірлете түскендей. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Осыған орай «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінде ҚБА-102 тобының студенттерімен «Giving advice on how to reduce stress» тақырыбы аясында рухани адамгершілік тәрбиені тұлғаның бойында дамыту мақсатында талқылау сабағы өткізілген болатын.

Білім алшылар өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай өздері үшін рухани адамгершілік тәрбиенің маңызын анықтады. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оны көшет кезінде түзетуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Рухани адамгешілік тәрбие беру арқылы тұлғаның бойында шынайы адамгершілік құндылықтарды дұрыс бағалай білу және соған сәйкес өз іс-әрекетін, мінез-құлқын, өмір салтын айқындап жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыра аламыз. Ал адамгершілік дегеніміз не? Бұл терминге көптеген анықтамалар болғанымен олардың барлығы бір ортақ ойға келеді. Адамгершілік – ол құндылық, адамның ар-ожданына негізделген ішкі ойлары мен сыртқы іс-әрекеттеріне жауапты бола білуі. Қоғамның қарқынды дамуы, оның әл-ауқаты тек материалды деңгейімен ғана емес, ең алдымен рухани байлығымен, моральдық жетілуімен өлшенеді.

Осыған орай келешек ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ерекше маңызды орын алады. Рухани адамгершілік тәрбие – тұлғаның қалыптасуындағы негізгі тіректерінің бірі десек қателеспегеніміз. Ең алдымен рухани адамгершілік тәрбиенің діңгегі отбасында беріледі. Ата-анасының сүйіспеншілігіне бөленіп, мейірімділік құшағында, сыйластық пен қамқорлықты көріп өскен баладан рухани дамыған тұлғаның бейнесін көруге болады. Ал одан кейін бала білім ордасында рухани-адамгершілік санасын ұстаздардың көмегімен шыңдап жетілдіре түседі.

Орыстың ұлы жазушысы және философы Л.Толстой «Егер ұстазда тек шығармашылыққа деген сүйіспеншілік болса, ол жақсы ұстаз. Егер ұстазда балаға деген сүйіспеншілік әке мен ананың сүйісеншілігіндей болса, онда ол барлық кітаптарды оқыған ұстаздан жақсырақ болады. Ал шығармашылақ пен балаға деген сүйіспеншілігін үйлестіре білген ұстаз ең мінсіз ұстаз болса керек» деп айтқандай ұстаздардың да рухани-адамгершілік тәрбие берудегі орнын көруге болады. Тұлғаның рухани қалыптасуында мектеп кезеңі өте маңызды.  Сондықтан да оқушыларға адамгершілік құндылықтарды үйретуде ұстаздар мен ата-аналардың үлесі зор.

Адамгершілік тәрбиесін алудың артықшылықтары: адамгершілік тәрбиесі жақсы мен жаманды айыра білуге ​​көмектеседі. Ол адамның болмысында көрініс табады. Ол жақсы жеке және кәсіби өмірді құруға көмектеседі. Адамның өмірінен зұлымдық, арамдық, қызғаныш сияқты қасиеттерді жоюға көмектеседі. Қоғамдағы қылмыстар, толқулар, қақтығыстар сиқты жағымсыз әсерлерді жоя алады. Ол сондай-ақ өмірге деген оң көзқарасты, өзіне деген сенімділікті және мотивацияны қалыптастыруға көмектеседі.

Өмірдің шынайы мақсатын анықтауға көмектеседі. Риясыз болуға, басқаларды сүюге және қамқор болуға көмектеседі. Рухани адамгершілік тәрбие адамдарға өз өмірінің мәнін табуға көмектеседі, оның мақсаты жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі шыңдап дамытуы. Ол адамның Ақиқат, Жақсылық, Сұлулық, Бейбітшілік, Әлемнің бірлігін ұғынуын қамтиды. Ол жан-жақты руханилықтың, барлық мәдениеттердің, халықтың, ортақтығының көрінісі ретінде тұлғаның әлемдік мәдениетпен танысуын қамтиды. Балаларды ұлттық мәдениет қазынасына баулу, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.

Санжар Сағдатұлы БАЙЖҰМАН,
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы

гуманитарлық колледжінің ағылшын
тілі пәнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий