Жер кадастрының міндеттері мен мазмұны
Жер заңдары бойынша “Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасуы, нысаналы пайдаланылуы, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерін бағалау туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады». Мемлекеттік жер кадастрында қамтылатын мәліметтер тізіміне сөйкес, оның негізгі құрам бөліктері белгіленеді: жерді сандық және сапалық есепке алу; жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды тіркеу; жерді бағалау, топырақты бонитеттеу және экономикалық бағалау (аналитикалық – балдық немесе құндық – ақшалай).
Жүргізілген жерге орналастырулық және арнайы кадастрлық, соның ішінде бағалау жұмыстарының нәтижесінде, жазба (аналитикалық) және сызба (карталар, картограммалар, графиктер) материалдар қамтитын, мөліметтер банкін жасау мемлекеттік жер кадастрының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәліметтер объективтік және толық түрде сипаттауға тиісті: жерлердің табиғи және шаруашылықкүйін, олардың көлемі мен сапасын, орнымен пайдалануын; жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандары мен межелерін, олардың құрамындағы алаптардың саны мен сапасын.
Осы күрделі міндетті орындау жүйелі түрде җер мониторингі мен инвентаризацияны жүргізуді талап етеді. Бұл мақсатқа жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру барысында жиналатын топографиялық, топырақ-геоботаникалық, су шаруашылыры және тағы да басқа іздестірулер мен зерттеулер материалдары, бұрын жасалған шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары пайдаланылады.
Осыған себепті жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстары өзара байланысты және тәуелді: жерді бағалау нәтижелері жерге орналастырудың негізіне алынса, соңғысының материалдары мен мәліметтері кадастрлық карталар мен кадастрлық істерді жасауға қолданылады. Соңғы республика тәуелсіздігі жылдары нарықтық қатынастар мен ақылы жер пайдалану жүйесіне көшуге, жерге қатысты келісім- шарттардың көбеюі мен дамуына байланысты елде толық масштабты жер кадастрын енгізу мәселесіне аса зор көңіл бөлінуде.
Жерді бағалауға қатысты іс-қимылдар: жерді бағалауға қатысты іс-қимылдарды жерді бонитеттеу әдістемесі мен оны қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған бүкілодақтық тыңайтқыштар институты (БТИ) жүзеге асырады; топырақтың бонитет балы жер учаскесінің тек табиғи құнарлылығын ғана ескереді; мемлекеттік жер кадастрында қамтылатын мәліметтер тізіміне; жерді сандық және сапалық есепке алу; жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды тіркеу.
Жерді бағалау, топырақты бонитеттеужәнеэкономикалық бағалау (аналитиалық-балдық немесе құндық-ақшалай); мәліметтерді объективті және толық түрде сипаттауға болады; жерлердің табиғи және шаруашылық күйін, олардың көлемі мен сапасын, орны мен пайдалануын; жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандары мен межелерін, олардың құрамындағы алаптардың саны мен сапасын. Тәуелсіздік жылдары экономикалық, сонымен бірге аграрлық және жер реформаларының барлық кезеңдерінде, кейбір әлеуметтік топтардың наразылығына қарамастан, жерге жеке меншік бірте-бірте қоғамдық өмірге еніп бейімделе бастады.
Жер жеке меншігін енгізу аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық проблема, өйткені оны жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтар мен топтардың мүдделерін қозғайды. Осымен бірге шетел тәжірибесін де ескерген қажет: ұсақ фермерлік шаруашылықтары ауыл шаруашылығының қазіргі мүшкіл жағдайын өзгертуге, оның тиімділігін жақсартуға қабілетті деу өте қиын. Қазіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттырудың объективтік негізі ретінде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу мен одан ары жоғарлатуды үққан ерекше маңызды.
Сонымен қатар алаптар құрамы мен территориялық реттілігі элементтерінің орналасуы, салалар- дың мамандандырылғандығы мен дақылдардың құрамы шығындардың барынша қысқарылуын және пайданың артуын қамтамасыз етуге тиісті. Демек, жерге орналастырудың экологиялық экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық түрғыдан тиімді межелерін, аудандарын жөне орналасуын, сондай-ақ өндірістің мақсатқа сәйкес мамандандыр- ылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қамтамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды. Территориялық реттілігініц элементтеріне жүмыс учаскелері, ауыспалы егістік танаптары, алқаптық жолдар торабы мен орман белдеулері, каналдар және тағы да басқалар жатады.
Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы