Жазғы лагер жұмысын бастады
Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығындағы балаларға арналған жазғы тынығу лагері маусым айының бірінен биылғы жұмысын бастады. Салтанатты шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысып, оқушыларға демалысты қызықты өткізулеріне тілектестігін жеткізді, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
– Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, асыға күткен жайдары жаз мезгілі де келіп жетті. Жадыраған жазғы демалыс – барлық балалардың сағына күтетін сәті. Жазғы демалыстарыңыздың әрбір күнінің естен кетпестей қызықты сәттерге толы болуына тілектеспін. Тынығу лагерінде жаңа достар тауып, ауызбіршілік пен ынтымақтың ұйытқысы бола біліңіздер. Дендерің сау, оқуда озат болыңыздыр!, – деді жергілікті атқарушы биліктің басшысы Серік Сағитжанұлы.
Сонымен бірге, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Гүлнар Бабабекқызы қатысып, балалардың қызықты демалыс өткізуіне тілектестік білдірді. Мерекелік шарада аудан басшысы және облыстық мәслихат депутаттары лагерь тынығушыларымен бірге кешкілік алау отын тұтандырды. Мерекенің соңы әсерлі от шашумен аяқталды.
Атап өтейік, «Қамбаш» жазғы тынығу лагері биылғы жылы жетінші ауысым бойынша бір мыңнан астам баланы жазғы демалыспен қамтиды. Сондай-ақ, лагерь биылғы жылы республикамыздың өзге өңірлерінен де балаларды қабылдайды. Алғашқы лекпен келген 130 оқушы үшін қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес робототехника, ағылшын, орыс тілдерінің үйірмелері, спорттық-әскери клубтар, суда жүзу және ән, би, сурет үйірмелеріне қатысудың барлық жағдай жасалған.
Загрузка...Сонымен қатар өңір тарихы мен мәдениетін насихаттау мақсатында Арал қаласы мен Әйтеке би кентіндегі мұражайларға, Байқоңыр қаласында орналасқан ғарыш айлағы мұражайы және «Қорқыт ата» кешеніне саяхаттаудың мүмкіндіктері де қарастырылған.