Отан қорғаудың дайындығы
Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқу шаруашылығы базасында осы оқу орны мен білім басқармасының техникалық және кәсіби білім жөніндегі әдістемелік кабинеттің бастамасы бойынша екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған “Туған жер” облыстық әскери – патриоттық фестивалі ұйымдастырылды. Бұл жиынға аймақтағы кәсіби білім беретін арнаулы оқу орындарының “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтарының 120 қатысушысы қатысты, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазылар алқасының құрамында Қостанай аудандық “Ардагер” ауған ардагерлері кеңесінің төрағасы Павел Степанович Грицков, Қостанай қаласы мен облыстағы әуе – десанттық әскерлерінің бауырластығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Ерғалиұлы Дұрыскелдінов, Совхоз мектебінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Яков Яковлевич Гирик болды.
Басқосудың алғашқы күні клуб курсанттары патриоттық әндер орындап, қару-жарақпен саптық қимылдар орындап, әскери өнер мен шеберлік сыныптарын көрсетті. Бірінші күн “Қостанай қаласы мен Қостанай облысының әуе-десанттық әскерлерінің бауырластығы” қоғамдық бірлестігі өкілдерінің кездесумен аяқталды.
Фестивальдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, екінші күні әр команданың қаншалықты ұйымшыл екенін көрсететін түрлі кедергілерге құрылған әскери эстафета ұйымдастырылды. Бәсеке жеңімпаздарына дипломдар мен кубоктар табысталып, алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастыру уағдаласылды.
Загрузка...