Оралдық оқушылардың 88,6  пайызы жазғы демалыспен қамтылады

Балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін жазғы лагерьлер жұмысын бастады. 3 маусым күні қала сыртындағы «Атамекен» лагерінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Сонымен қатар мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жанынан ашылған лагерьлер, шатырлы лагерьлер жұмысын бастады.

«Атамекен» лагері алғашқы ауысымына 250 баланы қабылдады. Лагерьдің  ашылу салтанатында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Тұрсын Теміршеева табиғаттың тамаша аумағында орналасқан лагерь базасы балғындардың денсаулықтарын нығайтуға, қаланың у-шуынан сергуге оң ықпалын тигізерін атады. Лагерьдегі көңілді кештерге белсенді қатысуға, лагерьдегі бал күндерді есте қаларлықтай өткізуге шақырды. Мектептен тыс жұмыс орталығының өнерпаздары демалушы балғындар алдында өнер көрсетіп,  «Балаларға базарлық» орталығының аниматорлары ойныдар ұйымдастырды.

Лагерь биылғы  маусымда 1500 баланың жазғы демалысын қуанышты сәттермен толықтырмақ. Оның ішінде, 400 бала әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  санатынан болса, 230 дарынды оқушы 50% ата-аналарының қаражаты есебінен демалыспен қамтылмақ. Мұнда балалардың қабілеттерін жан-жақты ашатын көңілді және танымдық шаралар, көңіл көтеру ойындары секілді  күн тәртібінен өзге, қаланың рухани орталықтарына саяхаттар жоспарланған. 

Қаланың 46 мектебіндегі тамақтануы ұйымдастырылған лагерлерде 6700 бала,  50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымындағы (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 34 655 бала демалысын өткізеді. Лагерлерде бағдарлы алаңдар ұйымдастырылған. Онда үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар жоспарлы жұмыс жасайды.

Сондай-ақ оныншы жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырылады. Демалыстың бұл түрімен биыл 50 мектептен 1700 бала қамтылады деп күтілуде. Бұл шатырлы лагерьлерде туристік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіледі, оқушылар болашақта өтетін ғылыми жоба жарыстарына дайындалады. Ал «Қайсар» патриоттық лагеріне мектепішілік, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және болашақта өзін құқық қорғау саласында көрігісі келетін  230 ер бала қатысады. 

Бұдан бөлек 26 маусым мен 1 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 50 аз қамтылған отбасы оқушыларына саяхат ұйымдастырылады. Ал 16-26 шілде, 26 шілде – 8 тамыз аралығында аз қамтылған отбасылардан 100 оқушы «Бурабай» курорттық аумағында демалысын өткізеді. Жалпы биыл Орал қаласы бойынша мектеп оқушыларының 88,6 пайызын жазғы демалыспен қамту көзделіп отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
Батыс Қазақстан облысының
орталығы Орал қалалық білім
беру бөлімінің баспасөз қызметкері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий