Д. Қонаев – 110: Ұлтының ұлы тұлғасы

Өз ұлтын сақтап қалу жолында күрескен күрескерлердің бірі – Дінмұханмед Қонаев. Халқына адал қызмет еткен, есімін елі ұлықтаған сүйікті ұлы. Елі үшін аянбай тер төккен қоғам қайраткері. Ұлт мүддесін қорғап қалуға келгенде ешкімге есе жібермеуге тырысқан. Ол жарты ғасырға жуық ел басқаруға  араласқан көреген саясаткер ретінде тарихта есте қалған ұлы тұлға.

Өзбекстанға өтіп кеткен Қазақстан аудандарын қайтару, тың жерлерді игеру, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу және Шардараға атом электр станциясын салдырмау мәселесіне келгенде асқан табандылық танытқан. Халқының сүйікті ұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында дүниеге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерінде хат таныған сауатты адам болған. Ал анасы Зәуре Баирқызы 1888 жылы Алматы облысындағы Шелек ауданында өмірге келген. Бар уақытын балалары мен үй шаруасына арнаған.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді. Осы күнге дейін барлық жасағанын ескеріп, Димаш Ахметұлының өмір жолы бірізді болды деп айту қиын. Марқұмның өзі де өсиет естеліктерінде ғұмырында қуаныш пен қайғының қатар жүргені туралы айтып кеткен-ді. 

Димаш Ахметұлының кішілігі мен кісілігі туралы айтылар естеліктер көп.  Кемеңгер азаматтың өсиеті мен өмір жолы, келер ұрпаққа берер өнегесі шам-шырақпен пара-пар екені сөзсіз. Қазақ деген ұлт барда Дінмұхамед Қонаевтың есімі ешуақытта ұмытылмақ емес. “Панам да — ел, данам да — ел. Соған арқа сүйедім. Содан үйрендім”, – деп өзі де ағынан жарылған.

Осыған орай мектеп кітапханасында Д.А.Қонаевтың 110 жылдық мерей тойынвң аясында 8-10 сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Шығармашылық бәйгеге қатысқан 11 оқушының төрт жұмысы  үздік деп танылды. Амалбек Қасиет, Бұғыбай Мадина,Заманова Арзу, Тоқполат Шапағат марапатталды.

Фарида Кенесовна МЫРХЕЕВА,
Ж.Баласағұн атындағы №6
мектептің директоры, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий