Бала – еліміздің ертеңі

Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында. Мен Мемлекет басгысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына үлкен мән беремін. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан да 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Мектеп партасындағы отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің тәртібінен түспейтін жұмыс. Жалпы Сарысу орта мектебінде «Балалар жылы» аясында әр түрлі бағыттағы тәрбиесі мен тағылымы мол көптеген іс-шараларды атқарып келеді. Мектепте оқушыларымыздың жан-жақты білім мен тәрбиені егіздетіп алуына толықтай мүмкіндік жасалған. Мектеп шағын жинақталған мектептер қатарында болса да жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған физика, химия, биология, робототехника кабинеттері пайдалануға берілген.

Мұның өзі оқушыларға жаңа мүмкіндіктер жасауға себеп болары анық. Мәселен, заман талабына сай компьютерлік бағдарламаларды меңгерген оқушылар робототехника кабинетінде роботтар жасауға машық. Сонымен қатар, мектептің дарынды оқушылары аудандық, облыстық, республикалық білім бесекелерінде жеңімпаз атанып келеді. Барлығы бала үшін деп еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыздың еңбегі олимпиада, ҰБТ сынақтарында өз нәтижесін беріп келеді.

Әрбір оқу жылында мектебімізден «Алтын белгі», Үздік аттестат иегерлері шығып отырады. Биылғы оқу жылында да бір оқушымыз «Алтын белгі» үміткері. Балалар жылына орай, мектепте ауқымды іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Осы жоспар төңірегінде негізгі басымдықтар «Кітап оқитын мектеп», «Құқықтық сауаттылық-заман талабы», «Біз бақытты баламыз», «Бақытты отбасы – зорлық зомбылықсыз әлем», «Дені саудың – тәні сау» тағы да басқа секілді көптеген тақырыптар аясында балалармен кеңінен жұмысты жалғастырып келеміз.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларымен жұмыс та назардан тыс қалған емес. Жоспарланып атқарылып жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты- балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік, патриоттық, адалдық тұрғысында дамуына ықпал етіп, жағдай жасау арқылы тәрбиелеуді қамтамасыз ету. Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген сөз бар. Бала мықты болып өсіп дамуы үшін дұрыс, саналы тәрбие мен сапалы білім керек.

Қазір кітап оқып, асық ойнап, доп қуатын, қуаласпақ ойнайтын бала азайып барады. Есесіне смартфон телефонына шұқшиятын бала көп. Осындай олқылықтарды мейлінше азайтып, орнын толтыру мақсатында мектепте спорттық ойындар, оның ішінде ұлттық асық ату, шахмат, волейбол, баскетбол, дебаттық, сурет салу үйірмелері жұмыс жасайды. Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті.

Оқушы балалар үшін демалыс күндері басталды. Мектебімізде «Біз бақытты баламыз» деген тақырыппен мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері басталып кетті. Өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы мен үйлесімді дамуы – біздің міндетіміз. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын дегім келеді.

Лайла ШУКЕЕВА,
Сарысу орта мектебінің директоры,
Жамбыл облысының Сарысу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий