Қыркүйектен бастап бірінші сыныптарға шет тілі оқытылмайды

ҚР БҒМ аппараттық кеңесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат жобасын ұсынды, – деп хабарлайды Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі.

ӘНХ жобасына сәйкес «Шет тілі» пәнін оқушылар 3-сыныптан бастап оқитын болады. «Қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді үйрену қиын екенін көрсетті. Бірінші сыныпта баланың тек бір тілді үйренуі, яғни алдымен ана тілінде оқып, жазуды үйренуі өте маңызды.» – деп атап өтті М. Тыныбаева.

Сондай-ақ, «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінеді, нақтырақ айтқанда, 1-4-сыныптарға «Еңбекке баулу», 1-6-сыныптарға «Бейнелеу өнері». Бұдан басқа, алдағы оқу жылының білім беру процесінің ерекшеліктерінің бірі 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курсты енгізу болып табылады. Әдістемелік нұсқау хаттың жобасымен Алтынсарин академиясының uba.edu.kz сайтынан танысуға болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий