Ақтөбелік оқушы физикадан Азия олимпиадасында қола медаль алды

Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектептің он бірінші сынып оқушысы Әлішер Еркебаев физика пәнінен Азия олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 22-ші Азия олимпиадасының жарыстары Үндістанда 27 елден 200-ден астам оқушының қатысуымен қашықтан өтті. Ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар және Атырау қалаларының сегіз оқушысы қорғады. Қазақстандық оқушылар барлығы бес медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Әлішер бұл олимпиадада қателікке жол жоқ екенін айтты. – Азия олимпиадасы шынымен де ең қиын олимпиада болып саналады, халықаралық физика олимпиадасынан айырмашылығы – тапсырмалар қиынырақ болды. Күміс медаль үшін 0,6 ұпай жіберіп алдым. Енді қателіктерді қайталамас үшін жұмыстанамын, – деді Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Әлішер Еркебаев.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы медальдық есепте үздік үш командаға енді. «AphO – 2022» баратын ұлттық құрамасы физикадан оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша анықталды. Әлішер мектеп оқушылары арасындағы физика пәнінен барлық олимпиадалардың жеңімпазы, жүлдегері. Ақтөбе қаласы NIS студенттері арасында алғаш рет Азия олимпиадасының қола медаліне ие болды.

Әлішер 7-сынып оқушысы бола жүріп, өзінің бүгінгі жеңістерін алдын ала айқындаған қажырлы еңбегі мен жеңіске деген ерік-жігерін байқатып, үлкен еңбегімен жас олимпиадашыларға жол салып, бағдар болуда. Оның жетістіктері мектеп тарихының алтын парақтарына мәңгілік сақталады, – деп физика пәнінің мұғалімі Мират Оспанов шәкіртінің жетістіктерін атап өтті.

Азиялық физика олимпиадасы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары қатысатын жыл сайынғы зияткерлік сайыс. Олимпиада Халықаралық физика олимпиадасының ережелері бойынша өткізіледі: бір теориялық тур және бір эксперименттік тур (әрқайсысы 5 сағаттан).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий