Креативті ойлау тұрғысынан іргелі ізденістер: іс-тәжірибеден

Қазіргі заманғы мектептердің алдындағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұтқырлықты дамытуда педагогтің өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі дамытуына жағдай жасауға кепілдік беретін білім беруді қамтамасыз ету міндеті тұр. Латын тілінен аударғанда «creatio» шығармашылық, жаратылыс – бұл адамның жаңа идеяларды шығаруға дайын екендігімен сипатталатын және дарындылық құрылымына тәуелсіз фактор ретінде енетін шығармашылық қабілет болып табылады.

П. Торренстің пікірінше, шығармашылық  білімнің жетіспеушілігіне немесе сәйкессіздігіне жоғары сезімталдықты, осы мәселелерді анықтауға, гипотезалар негізінде олардың шешімдерін іздеуге, гипотезаларды тексеруге және өзгертуге, шешімнің нәтижесін қалыптастыруға бағытталған әрекеттерді қамтиды. Өйткені, шығармашылық-болашақтың кілті. Барлық прогресс кез-келген мәселелерді шешуде жаңа тиімді, қарапайым және жылдам әдістерін табудың нәтижесі болып табылады.

Ол үшін шығармашылық дағдыларды үздіксіз жетілдіруде адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Бұл – әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады. Шығармашылық қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін, танымын кеңейтуге негіз болады.

Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап өткендей, “Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н. Коперниктің жаңалығына (күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғарланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі. Олай болса, шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Осы қажеттілікті қанағаттандыруда, «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының басшылығымен, 2020-2023 жылдар аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбында Хромтау ауданы №6 мектеп-гимназиясында тәжірибелік – эксперименттік алаңы ашылды. Эксперимент алаңында тәжірибелі, шығармашылық ұтқырлығы жоғары, жетістікке белсенділігі жоғары әр түрлі пән мұғалімдері қатысуда.

Жалпы  эксперимент алаңы 3 бөлімді қамтиды, әр бөлімде: Зерттеушілік ізденістегі іс-әрекет; Зерттеуді ендірудегі іс-әрекет; Жобалау және зерттеушілік іс-әрекет бағыттары бойынша зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілетін жұмыстың мазмұны қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтағы өзгерістер мен әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде, педагогтың өздігінен дамуы дәлелді шешімдер қабылдай білудегі дайындығы, зерттеудегі ізденісі, бәсекеге қабілеттіліктіліктегі құзреттілікті дамыту болып табылады.

Зерттеушілік ізденістегі іс-әрекет кезеңінде педагогтер ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Бұл кезеңде экспериментке қатысушы мұғалімдер төмендегідей нәтижеге қол жеткізуде. Экспериментатор, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Дерманова Нурша Есенгелтдиевнаның басшылығымен «Театр әлемі» үйірмесінде елуге жуық оқушылар қатысып көлемді шығармалық туындыларды сахналайды, болашақ актерлік мамандықтың қыр-сырымен танысуда.

Театр үйірмесінің мүшелері қатысушылары  облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындар иеленуде. Сонымен қатар, экспериментке қатысушы педагогтер «Мұғалімнің шеберлігі-оқушының жетістігі», «Этнобиологиядағы рухани тұтастық ерекшеліктерін сақтау» тақырыбында аудандық облыстық семинарлар сериясын өткізсе, «Қазақ асылдары» тақырыбында авторлық бағдарламалар жасалынып, сынақтан өтуде.

Сондай,ақ көркем еңбек пәні мұғалімі, Мопыкова Бексана Ақтайқызының «Ұршық иірімдері» тәжірибелік-шеберханасы ашылып, қыз балаларды ұмытылып қалған қол өнерге баулуда. Экспериментке қатысушы мұғалімдер әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлерін жасау, әдістемелік кешендер дайындауда. Іргелі ізденістің өзегі – педагогтердің  кәсіби өзіндік дамуын жетілдіру болып табылады.

Осы бағытта, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылуға, таңдаған зерттеу бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасауға; өзін-өзі дамытуға бағытталған жұмыс жоспар құруда тұрақты педагогикалық ұжымның шығармашылық талғамын дамытады,   ұжымның кәсіби әлеуеттік деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. 

Айгүл Қыдырбайқызы КАПЛИЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы
бойынша ПҚБАИ кафедра меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының кандитаты, доцент
Аккумис Пиржановна САРСЕНОВА,
№6 Хромтау гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика
ғылымдарының магистрі, Ақтөбе облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий