Оқушылар Павлодар облысының мұражайларына тегін бара алады

Балалар жылын өткізу шеңберінде оқушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу мақсатында Павлодар облысының әкімдігі мектеп оқушыларының облыс музейлеріне баруы үшін А.Байтұрсынұлының картасын әзірледі.

Барлық музейлердің есігін айқара ашатын карта қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жасалған.

Бонустық картаны 113 мыңнан астам оқушы алады. Осындай сыйлықтың арқасында балалар жазғы демалыстарын пайдалы өткізе алады, өз ой-өрісін жаңа ашылулармен кеңейтіп, туған Ертіс өңірі туралы көбірек біле алады.

А. Байтұрсынов картасының иегері Павлодар облысының әрбір мұражайына үш рет тегін бара алады. Өңірде жалпы 15 музей бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий