12 NIS мектебінің зияткер оқушылары футзалда бас қосты

Мамырдың 30 мен маусымның 1 аралығында Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы оқушылар құрама командаларының футзалдан ІІІ желілік спартакиадасының ақтық кезеңі өтті.

Солтүстік өңірге үстіміздегі жылдың наурыз айында ұйымдастырылған аймақтық жарыстардың бірінші және екінші орын иегерлері – Шымкент қаласындағы физика-математика, Қызылорда қаласының химия-биология, Тараз қаласының физика-математика, Нұр-Сұлтан қаласының физика-математика, Көкшетаудағы физика-математика, Семей қаласының физика-математика, Өскемен қаласындағы химия-биология, Алматы қаласының физика-математика, Орал қаласындағы физика-математика, Қостанай қаласындағы физика-математика, Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұлдар және қыздар командары келіп, медальдарды сарапқа салды. Барлығы ақтық ойындарға 16 командадан 130-ға тарта жас аяқ доп шебері жиналды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде әр өңірдің ең үздік командаларына өз лебізін Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев білдірді.

–Футбол алаңында бір-біріңізге қарсылас болсаңыз да, шынайы өмірде бір шаңырақтың атынан – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің атынан келіп отырсыздар. Бүгін осында жиналып отырған командалар іріктеуден өтіп, мықты екендерін дәлелдеп үлгерді. Сондықтан бұл сапара барысында Қызылжар төрінде ең бастысы жаңа тәжірибе жинақтап, жақсы достар табасыз деген ойдамыз, – деді Данияр Уәлиев.

Спартакиадаға 7-8 сынып оқушылары ат салысты. Олардың барлығы мықты дайындықпен келген. Шараның басты мақсаты NIS мектептері оқушыларының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық дамуын арттыру, ұжымдық рух пен бірлікте тәрбиелеу, салауатты бәсекелестілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

–Үш күнге созылатын ойындарда барлық командаларға сәттілік тілеймін. Көрермендеріміз тартысты, қызу ойындарға куә болатынына сенімдіміз. Бастысы – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында достық қарым-қатынастар беки түсетініне үміттенеміз, – деп бөлісті «NIS» ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Осылайша үш күн бойы Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің футзал алаңы тартысты ойындар мен жанкүйерлердің мықты қолдауына толы болды. Зияткерлері сабақта ғана емес, спортта да мықты екендіктерін дәлелдеп бақты. Алғашқы екі күн бойы 16 құрама іріктеуден өтіп, өз араларындағы мықтыларын анықтасты. Ал ақтық ойындарға ұлдар командаларының арасынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларының және алаң иелері Петропавлдың құрамалары шықты. Петропавлдық қыздар да алдарына жан салмай, ақтық ойындарға жолдама алды. Оларға Шымкент, Орал және Өскемен қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бәсекелестік танытып, қорытынды кездесулерде тағы бір өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Солтүстікке жиналған құрамалардың қызу ойындарын білікті судьялар бағалады. Балалардың шеберліктерін кәсіби футболшылар – солтүстікқазақстандық «Qyzyljar» футбол командасының ойыншылары тамашалап, балалардың дайындығына тәнті болды. Олар балалардың пастарына, соққан голдарына және қақпашылардың ширақ қимылдарына өз қолдауларын білдіріп отырды. Ойындар мен жаттығулардан үзіліс кезінде балалармен кездесуге уақыт тапқан кәсіби спортшылар өз ізбасарларының барлық сұрақтарына жауап беріп, шеберлік сабағын да ұйымдастырды. Білікті спортшылармен кез-келген оқушы өзара сайысқа шығып, мықтылығын байқай алды. Балалар бұл кездесуден ерекше шабыттанып, алдағы уақытта кәсіби споршылар сияқты жоғары белестерді бағындыруға дайын екендіктерін жеткізді.

–Осы 2022 жылғы спартакиада есімізде ұзаққа қалады. Өйткені Петропавл бізді жылы қарсы алып, барынша көңілімізді көтердік. Ойнадық, білікті споршылардан сабақ алдық, басқа мектептермен таныстық, жаңа достар таптық, қаланың көрікті жерлерін араладық. Біз үшін бастысы жеңіс емес, осындай эмоциялар маңызды болды, – деп атап өтті Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ойыншысы Ұлболсын Рахым.

Ал футзалдан ІІІ желілік спартакиаданың қорытындысы бойынша бірінші орынның кубоктарын қарсы алушы жақ – Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлдар және қыздар командалары иеленді. Күміс жүлделерді оларға есе жіберіп алған Нұр-сұлтан қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлдар құрамасы және Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар командасы еншіледі. Ұлдар құрамасынан үшінші орынға Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы, қыздардан Орал қаласының Зияткерлік мектебі еншіледі.

– Үш күн ішіндегі ойындардың ішінде Алматылық құрамамен өткен кездесу есімде қалды. Әбден шаршағандықтан, қақпаға 9 допты өткізіп алдым. Бұл шынымен де білікті құрама. Елордалық команда да осал емес. Бірақ шаршаған болуы керек, соңғы ойында бәсеңдік танытты. Ал біздің құраманың жеңісіне командалық рух септігін тигізді, – деп ағынан жарылды чемпиондар командасының қақпашысы Архат Серікбай.

Сонымен қатар, спартакиаданың жабылу салтанатында арнайы 5 номинацияның иегерлері анықталды. «Үздік бомбардир» атағы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий