Облыстық семинар ұйымдастырылды

Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы. Педагогтің ойынды ұйымдастырудағы рөлі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Семинардың мақсаты балабақша тәрбиешілеріне мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық- кеңістіктік дамытушы орта құруда, балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру және басқару бағытында әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу. Облыстық семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова жетекшілік етті.

№7 «Арман» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері мен педагог мамандары Суханберлиева Раиса Карагуловна, Узакпаева Динара Маратовна, Алдашева Баян Тунгатаровна, Елемесова Элмира Маратовна, Ауданбаева Айгерим Нурлановна аталған тақырып аясында мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны талапқа сай ұйымдастыру, жабдықтау, сондай-ақ педагогтің балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру қызметі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий