Атыраулық балалар пансионатқа барды

Өңірдегі көп балалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 79 бала «Қазақстан геологы» пансионатына аттанды. Аталған пансионат Железноводск пен Пятигорск арасындағы Иноземцево кентіндегі Бештау баурайында орналасқан, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

– Лагерьде жайлы және қызықты уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс кезінде балаларға мәдени, спорттық бағдарламалар, конкурстар ұйымдастырылып, түрлі фильмдер көрсетіледі. Қызықты іс-шаралардан басқа, демалушы балалар Кавказ қалаларына саяхаттап, олардың тарихымен танысады. Пансионат аумағында волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңдары және бадминтон мен үлкен тенниске арналған алаңдар бар. Табиғаттың таңғажайып сұлулығы, таза ауа және емдік минералды су балаларға қуат беріп қана қоймай, демалысты тиімді өткізуге, емдік процедураларды алып, денсаулықты нығайтуға көмектеседі, – дейді «Қазақстан геологы» медициналық пансионаты директорының міндетін атқарушы Шолпан Есқалиева.

Сондай-ақ, ол бұл пансионат балаларды тек жазда ғана емес, жыл бойы қабылдауға, олардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыруға дайын екеніне тоқталды. Өз кезегінде облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова балалардың биылғы жазғы демалысын ұйымдастырушы тараптарға алғысын айтып, қолдаушылардың көмегімен басқа да оқушылардың республиканың әр аймағы мен жергілікті лагерлерде тынығуына жағдай жасалатындығын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий