Ақ жол саған, жас түлек!

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 99 түлегі бүгін білім туралы куәліктерін алды.

Түлектердің мектеп бітіру жылы – Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Балалар» жылына тұспа – тұс келді.

Бұл күні құттықтаулар мен көптеген жылы лебіздер айтылды. Ата-аналар, ұстаздар түлектерді өмірдің ең үлкен мектебіне аттандырды, өз кезегінде оқушылар мектеп ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Зияткерлік мектептің «Алтын белгі» үміткерлері Шұғыла Мамыр, Айнур Утетлеуова өз білімдерін растады, ал сегіз оқушы Сания Егинбаева, Ильмурат Исхакбаев, Валерия Ким, Алуа Қоблан, Анель Құрманбаева, Ислам Насыров, Әнел Сағымбай, Темірлан Тұрабай «Үздік аттестат» иегері атанды.

Тоғыз түлек АҚШ, Ұлыбритания, Венгрия, Италия және Ресейдің ең үздік жоғары оқу орындарына оқуға шақырту алды.

Салтанатты шараның бейресми бөлімі түлектер, ата-аналар, сонымен қатар мектеп директоры Виктор Сосиннің қатысуымен мюзикл стилінде өтті. Мектеп директорының сазды сәлемі кеш қонақтарына ерекше сыйлық болды.

Хореографиялық студияның жетекшісі Аслан Мұртазалиев ұйымдастырған көлеңкелі театр нағыз сенсация жасады. Қатысушылар NIS түлектерінің 12 жылға созылған өмір тарихын көрсетті.

Әлемдегі ең үздік Гарвард университетінің 1 курс студенті, мектеп түлегі Сезім Ертанатов биылғы түлектерге құттықтау сөзін жолдады. Сонымен қатар Зияткерлік мектептің түлектеріне «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» қауымдастықтың төсбелгілері табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий