Көкшетау қаласының мектебіндегі үйірмелер жұмысы

Балалар жылы аясында Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебінде алғаш рет «Шеберлер қаласы» атты үйірмелер жұмысы салтанатты түрде ашылды. Бұл ¬ ерте мамандандыру бойынша жазғы уақытта ортаңғы буын оқушыларына арналған жаңа жоба, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жобаның мақсаты оқушыларды жастайынан мамандық таңдауға даярлау, кәсіптік бағдар беру, еңбекқорлыққа баулу болып табылады. Бұл жерде «Жас аспазшы», «Дәмхана қызметкерлері», «Әсемдік салоны», «Дизайн орталығы», «Шеберлер елі», «Жас есепші», «ТҚКО» үйірмелері жүргізіледі.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, үйірмелерге 100-ге жуық бала қатысуда. Жоба бойынша жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы байланыс жүзеге асады. Жұмыс беруші атқарған қызметке байланысты еңбек ақыны бас есепші арқылы төлейді. Еңбек ақыға балалар, яғни қызметкерлер «Шеберлік қаласының» өнімдерін сатып алады.

– Мектепте ашылған «Шеберлік қаласы» жобасын ата-аналар да қуана қабылдап, қолдау көрсетуде. Жаңа жобаның жұмысын өрбітуге қолдау көрсетіп, демеушілік еткен «Халық» банк пен «Евразия» банк әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз»,-деп толықтырды мектеп әкімшілігі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий